"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"магистральдық желінің Ақмола бөлімшесі"филиалының Бурабай курорты-Бурабай материалдық базасының материалдық қоймасының 1 санатты инженері

от 306810
Курорт-Боровская база материально-технического снабжения Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
243

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • "ҚТЖ" ҰК " АҚ шарттары бойынша ТМҚ қабылдауға қатысады, тауарды қабылдау туралы актілерді ресімдейді, ТМҚ қабылдау және жөнелту жөніндегі комиссияға қатысады;
  • компания филиалының шарттары бойынша жеткізушілерден тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдауды жүзеге асырады, арнайы киімдерді,
  • жолдың жоғарғы құрылысын, қосалқы бөлшектерді, тауардың сәйкес келмеу актілерін қабылдау туралы актілерді ресімдеуге қатысады;
    кіретін өнімнің сапасы мен санын бақылайды;
  • материалдық ресурстардың қалдықтарын есепке алуды және талдауды жүзеге асырады;
  • КҚ есебін жүргізеді, өтімсіз, бөлінбеген, бас тартылған ТМҚ қозғалысын есепке алады;
    жауапты сақтауға тауарды қабылдау актілерін жасайды;
  • ТМҚ жөнелтуге құжаттар жазады;
  • ТМҚ қалдықтарының азаюын бақылайды, Металл сынықтарының қозғалысын есепке алады;
    разнарядтармен жұмыс жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)