Қапшағай мамандандырылған көпір жасағының Түркістан өндірістік учаскесінің инженері (технологы) «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы - «Магистральдық желі дирекциясы» Алматы магистральдық желі бөлімшесі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- ИССО жөндеушілері орындайтын барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарының және коррозияға қарсы жұмыстардың сапасы мен технологиялық реттілігін, олардың жобаға, құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестігін жүйелі түрде тексереді; ай сайын әрбір смета бойынша, орындалған жұмыстардың құны мен нақты көлемі бойынша жинақтау ведомостарын жүргізеді;
- өз учаскесінде күрделі жұмыстар жоспарын орындау бойынша ай сайынғы есеп жасайды;
- жол шеберлері ұсынған орындалған жұмыстардың көлемін тексереді, конструкциялар бойынша №2 нысанды және күрделі жөндеу объектілері бойынша №2 нысанды белгіленген тәртіппен ресімдейді, монтаждау жұмыстарының, тоттануға қарсы жұмыстардың және т. б. әрбір сметасы бойынша жинақтау ведомостарын жүргізеді, олардың жобаға, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкестігін;
- жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлейтін жобалау ұйымдарымен және жобаның бас инженерімен өзара іс-қимыл жасайды; электрондық жеткізгіштерде ұсынылған жобалау-сметалық құжаттамаға (AutoCAD-тағы сызбалар, ABS-тегі сметалар)тексеру жүргізеді;
- көпір жасағының өндірістік-техникалық бөліміне материалдардың қозғалысы туралы ай сайынғы есептерді ұсынады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік құрылысы; Көлік, көлік техникасы және технологиялары (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары);
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы