Бас менеджер 16 грейд ф.н. «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы» Басқармасының есеп беру жүйесін дамыту бөлімінің өндірістік есеп жүйесін дамытуға

от 436348
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Дирекция автоматизации и цифровизации» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
615

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • SAP HANA жүйесінде активтерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің бизнес-процестері бойынша автоматтандырылған жүйені енгізуді және сүйемелдеуді жүзеге асыру
  • SAP HANA активтеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің анықтамалықтарында мастер-деректерді жүргізу мен басқаруға мониторингті жүзеге асыру
  • SAP HANA жүйесіндегі пайдаланушылар үшін активтерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді есепке алу саласындағы нұсқаулықтарды, ережелер мен регламенттерді әзірлеуді жүзеге асыру
  • Активтерге техникалық қызмет көрсетудің және жөндеудің автоматтандырылған жүйесінің жұмысы мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге консультациялық және практикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру
  • Активтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестерін есепке алу жүйесімен интеграциялық процестерді диагностикалық кешендерді қамтамасыз ету бөлігінде қатысушы құрылымдардың мамандарымен бірлесіп әзірлеуге қатысуды жүзеге асыру
  • Активтерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесі бойынша әзірленетін және енгізілетін процестерді тестілеуді, сондай-ақ тестілеу барысында анықталған ескертулерді жоюды, алынған нәтижелерді талдауды жүзеге асыру
  • SAP HANA жүйесінде жүк тасымалы үшін есеп айырысуларды есепке алу процестерін қамтамасыз ету бөлігінде рөлдер мен өкілеттіктерді тестілеуді жүзеге асыру
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; қолданбалы математика және информатика; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Есеп және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы;
  • Жұмыс тәжірибесі: Ақпараттық технологиялар/ қаржылық және басқарушылық есеп саласында кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр