Аға менеджер, Жобаларды сараптау және мониторингілеу секторы
«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- инновациялық және технологиялық бастамаларды қабылдау, қарау, іріктеу мәселелері бойынша үміткерлерге кеңес беру;
- алдын ала өтінімдерді қабылдау және валидациялау, өтінімдерді қабылдау және бастапқы тексеру;
- өтінімдерді қарау процесін қамтамасыз ету және қолдау;
- сараптамалардың нәтижелерін өңдеу, Қордың ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына өтінімдер бойынша материалдарды дайындау процесін қамтамасыз ету;
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындарының инновациялық және технологиялық диагностикасын жүргізуге қатысу, технологиялық міндеттердің тізбесін қалыптастыру;
- келіп түскен алдын ала өтініштер мен сұраныстар бойынша есепке алу мен талдау жүргізу, Сектор құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
- уәкілетті салалық органның қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес ҒЗТКЖ жобаларын (және ілеспе материалдарды) келісу және есепке алу процесін қамтамасыз ету;
- ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;
- ҒЗТКЖ қаржыландыру бойынша бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;
- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысу;
- халықаралық және отандық ұйымдармен, университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен ынтымақтастық орнату бойынша жұмыстарға қатысу.
Талаптар:
- Жоғары техникалық, экономикалық немесе құқықтық білім, магистр дәрежесі;
- Жобаларды басқару саласындағы сертификаттардың болуы;
- Жобалармен жұмыс істеу және жобаларды үйлестіру бойынша кемінде 5 жыл тәжірибесі;
- Атом өнеркәсібі, ғылыми зерттеулер, коммерцияландыру, инвестициялау саласындағы білім мен тәжірибе;
- Тілдерді еркін меңгеруі: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (кемінде Upper intermediate).
Шарттары:
- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.
Қажетті қабілеттер
- Знания технических и естественных наук, техническое мышление, аналитические способности.
Қажетті білім дәрежесі
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)