«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Риддер станциясы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары – ЖТ Семей филиалы

от 316208
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
352

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу, кешенді жоспардың орындалуын қамтамасыз ету және қарау
  • Еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі кешенді жоспардың орындалуын ұйымдастыру;
  • Станция қызметкерлеріне демалыс беру кестесінің сақталуын бақылау;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша станцияның жылдық жұмыс жоспарына енгізу бойынша ұсыныстар енгізеді;
  • Тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтармен станция қызметкерлерінің қолын қойғызып танысу;
  • Кадрлар бөліміне штаттық кестеге сәйкес қызметкерлердің саны туралы ақпаратты уақтылы ұсыну, штатты жасақтау бойынша жедел шаралар қабылдау;
  • Құрылымдық бөлімшелердің мамандарын тарта отырып, техникалық сабақтарды ұйымдастыру және жеке өткізу.
  • Станция қызметкерлерін мерзімдік, ауысым алдындағы медициналық тексеруден өткізуді ұйымдастырады және олардың өтуін бақылайды;
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан кем емес, оның ішінде өндірістік-техникалық бөлім бастығы лауазымында 2 жылдан кем емес немесе станциялық/маневрлік диспетчер, сыныптан тыс, 3 класты станция бойынша кезекші лауазымында 1-2 жылдан кем емес
Қосымша талаптар:
  • Windows, Exsel бағдарламаларымен дербес компьютерде жұмыс істей білу және білу

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр