«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалы Алматы пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-28) НОД-7 кадрлар бөлімінің әлеуметтік - еңбек қатынастары жөніндегі инспекторы
- Құрылған күні:
- 26.08.2024
- Берілген өтінім:
- 37
- Қаралған саны:
- 1178
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қызметкерлердің дербес деректерін персоналды басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізу; қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу; еңбек заңнамасына, ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығару бойынша құжаттарды ресімдеу;
- әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есебін жүргізуді, әскери-есепке алу бюросымен, қорғаныс департаментімен жұмысты жүзеге асырады; қызметкерлердің еңбек кітапшаларын есепке алу, сақтау және толтыру;
- қызметкерлердің қызметтік куәліктерін, ескерту талондарын, қызметтік формулярларды ресімдеу;
- қызметкерлерге еңбек қызметі туралы қажетті анықтамалар беру; қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақтарын тіркеу;
- әскери-есепке алу бюросымен қызметкерлер мен бөлімдердің тізімдерін жылына бір рет салыстырып тексеруді жүзеге асыру;
- жеке құрам бойынша бұйрықтарды, көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтарды, негізгі қызмет бойынша бұйрықтарды,демалыс беру туралы бұйрықтарды, қызметкерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды тіркеу; мұрағатқа тапсыру үшін құжаттарды дайындау, істер номенклатурасын жасау;
- даярлау және біліктілікті арттыру курстарына жіберілетін қызметкерлердің құжаттарын дайындауды жүзеге асырады; кестеге сәйкес депо қызметкерлеріне медициналық байқау бланкілерін уақтылы беруді жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Құқықтану; әлеуметтік жұмыс; экономика; менеджмент; Қаржы; мемлекеттік және жергілікті басқару; психология; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; қоғаммен байланыс; әлеуметтану; саясаттану; персоналды басқару және / немесе теміржол мамандықтары;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл жұмыс.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы