"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" филиалы бас инспектор-талдаушы (локомотив шаруашылығы бойынша) (НОД-11)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Құрылымдық бөлімшелер бойынша поездарды тартуға арналған отын-энергетикалық ресурстардың өнімсіз ысыраптарының себептеріне талдау жүргізеді.
Пойыздарды тарту үшін отын-энергетикалық ресурстарды пайдалану туралы ақпаратты дайындайды, орталық аппаратқа локомотив деполарындағы отын-энергетикалық ресурстардың өнімсіз ысыраптарының талдауын ұсынады.
Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу, сондай-ақ дизельдік отынның өнімсіз шығындарын азайту бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылайды.
Пойыздарды тартуға арналған дизельдік отын шығынының үлестік нормасының есебін жүргізеді және жабдықталған кезде автоматтандырылған басқару жүйесі мен отын-энергетикалық диспенсер деректері арасындағы сәйкессіздікті бақылайды.
Пайдалану локомотив деполарында негізгі жоспарлау кеңестеріне материалдар дайындайды
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиясы; тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы мен пайдалану
Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада кемінде 5 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы