Жобалар портфелін басқару департаментінің инвестициялық жобаларды іске асыруды бақылау, орындау және мониторингтеу жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері (13 грейд)

295000 - 504000
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
575

   Конкурс туралы
Лауазымдық міндеттері:
  • "ҚТЖ "ҰК"АҚ құрылымдық бөлімшелері бойынша инвестициялық жобалардың орындалу барысын уақтылы және сенімді есепті және тиімді бақылауды қалыптастыру үшін есептеу әдісі және кассалық әдіс бойынша күрделі салымдар жоспарының іске асырылатын инвестициялық жобаларының бюджеттік параметрлерін (ай сайынғы, тоқсандық, жартыжылдық және жылдық негізде) жинауды және орындауды талдайды;
  • инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдер бойынша компанияның қаржы қаражатын қаржыландырудың және жұмсауды бақылаудың орындылығы тұрғысынан сараптама жүргізеді және қорытынды дайындайды;
  • инвестициялық жобаларды қаржыландыру және мердігерлік ұйымдардың шарттық міндеттемелерді орындауы шеңберінде қалыптасқан дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша есеп айырысуларды жүргізеді;
  • инвестициялық жобаларды іске асырудың күнтізбелік жоспарларының және жалпы жобалар портфелінің орындалуына бақылау жүргізеді, ілеспе тәуекелдерді анықтау және оларды митигациялау;
  • инвестициялық жобалардың бюджеттік параметрлерін және тұтастай алғанда жобалар портфелін сақтау, ілеспе тәуекелдерді анықтау және оларды митигациялау бойынша бақылау жүргізеді;
  • компаниялар тобында іске асырылатын және іске асырылған инвестициялық жобаларға аудит жүргізеді;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің ерекшеліктерін ескере отырып, күрделі салымдар жоспарын басқару процесін автоматтандыру бойынша (инвестициялық жобаларды іске асыруды бақылау, орындау және мониторингтеу бойынша) жұмысқа қатысады және ұсынымдар әзірлейді;
  • уәкілетті органдарда, мемлекеттік органдарда және "Самұрық-Қазына"АҚ-да инвестициялық жобалардың және Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің күрделі салымдар жоспарының орындалуы бойынша тыңдауларға материалдар дайындайды;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің инвестициялық жобалары мониторингінің қызметін реттейтін компанияның әдістемелік нұсқауларын, қағидаларын және өзге де жергілікті актілерін әзірлеуге қатысады;
  • компанияның жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігін қалыптастыру үшін "ҚТЖ "ҰК" АҚ құрылымдық бөлімшелері бойынша инвестициялық сипаттағы шарттық міндеттемелердің есептерін жүргізеді, талдайды, мониторингін жүргізеді;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелері бойынша инвестициялық қызметтің нәтижелері туралы ақпараттық анықтамалар, есептер (бір реттік немесе ай сайынғы (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және т. б.) дайындайды;
  • инвестициялық тартымдылық мақсатында рейтингтер беру үшін рейтингтік агенттіктерге ұсыну үшін материалдарды (презентациялар, диаграммалар, есептеулер және т. б.) әзірлейді;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелері бойынша басқарманың, Стратегия және қаржы жөніндегі директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесінің отырыстарына "ҚТЖ "ҰК" АҚ ірі инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі есептерді (презентациялар, баяндамалар, түсіндірме жазбалар, шешімдер жобалары) дайындайды;
  • инвестициялық қызмет мәселесі бойынша компанияның аппараттық, өндірістік кеңестеріне материалдар дайындайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: тиісті қызмет бейіні бойынша жоғары кәсіптік: экономика, менеджмент, Қаржы, Есеп және аудит, Мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл,

Қажетті қабілеттер

  • Ехсеl, Word, АБУ Фаворит, 1С: Бухгалтерия
  • Контроль, планирование, мониторинг

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Озат)