«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Алматы бөлімшесі» филиалының (НОД - 7) Алматы пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-28) қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизоры
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қызметкерлердің және филиал басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарды, қолданыстағы ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, іс-шаралардың талаптарын, техникалық құралдарды ұстау және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік-техникалық және технологиялық құжаттардың орындалуын бақылау;
- қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған компания мен қоғамның ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларының іске асырылуын бақылау; жоспарланған іс-шаралар толық іске асырылғанға дейін анықталған және жіберілген ҰБД және олардың туындау себептерін жою бойынша түзету іс-қимылдары жоспарының орындалуын бақылау;
- алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жүргізу ҰБД ға жол бермеу; техникалық құралдарды, жылжымалы құрамды ұстау мәселелері бойынша істердің жай-күйін мониторингтеу және талдау нәтижелерін негізге ала отырып, филиалдарда авариялылықтың алдын алу жөніндегі алдын алу шаралары жүйесін құру және іске асыру жөніндегі жұмыста басым бағыттарды айқындау;
- қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне мерзімді талдау жүргізу (ай, тоқсан, жарты жыл, тоғыз ай, жыл), талдау негізінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу бойынша ұсыныстар дайындайды;
- техникалық құралдарды, жылжымалы құрамды пайдалану, күтіп ұстау, қызмет көрсету, комиссиялық тексерулер жүргізу сапасы мәселелері бойынша ҒТҚ сақталуына тексеру жүргізу;
- филиал қызметкерлерінің және аралас қызметтердің басқа да қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарды, технологиялық процестерді, қолданыстағы бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, нормативтік-техникалық, жедел-өкімдік құжаттардың және қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзге де басшылық құжаттар мен жергілікті актілердің талаптарын орындауы бойынша желіге шығу (локомотивтерде), кенеттен тексерулер;
- филиал машинист-нұсқаушыларының белгіленген нысандағы есептілігі бойынша жұмыстарына тексеру жүргізу; қашықтағы станцияларда локомотив бригадаларының жұмысын ұйымдастыруға тексеру жүргізу; жоспарлы жөндеу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану түрлерінен кейін локомотивтерге тексеру жүргізу.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: локомотив шаруашылығы бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы