"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Жана-Есиль 1-класс станциясының орталықтандыру станциясының кезекшісі

от 230589
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Көкшетау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
449

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • 08.40 ж"не 20.40 планерлік кеңестерге қатысады, еңбекті қорғау бойынша нысаналы ңұсқама, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ңұсқама, станция басшылығынан ауысымға арналған жұмыс жоспарын алады
  • іргелес аралықтардың еркіндігіне немесе жұмыспен қамтылуына, СЦБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының жарамдылығына, тізімдемеге сәйкес оларда пломбалардың болуына көз жеткізеді сондай-ақ жұмыс орнында курбельдердің аспалы құлыптардың қызыл қалпақшалардың ақпараттық тақтайшалардың болуын тексереді
  • пойыз радиобайланысының екіжақты саябақ байланысының жарамдылығы мен орнықтылығын тексереді
  • поездарды қабылдау, жөнелту және маневрлік жұмыстарды жүргізу үшін маршруттарды уақтылы дайындау
  • поездарды қабылдау поездық локомотив машинистерімен және ССП жүргізушілерімен поездық радиобайланыс арқылы жөнелту езінде келіссөздер жүргізеді. Поездар қозғалысына байланысты жұмыскерлерді екіжақты саябақ байланысы бойынша алдағы поездарды қабылдау жөнелту маневрлік жұмыс жүргізу және станциялық жолдар бойынша барлық жүріп-тұру туралы хабардар етеді
  • СЦБ құрылғылары ақалы болған жағдайда ДСП нұсқауы бойынша поездарды қаблдау немесе жөнелту бағытын дайындау үшін орталықтандырылған бағыттамаларды курбельмен ауыстырады, ДСП нұсқаууы бойынша поездар р машинистеріне СЦБ және байланыс құрылғылары істен шыққан кезде кіру, шығу бағдаршамдарының өтуіне рұқсат береді

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары , орташа техникалық немесе кәсіби 
Мамандығы: тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі жоғары: парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, сұрыптау төбесі бойынша езекші лауазымдарында кемінде 2 жыл; орташа  парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, сұрыптау төбесі бойынша езекші лауазымдарында кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)