"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Жасыл 4 -класс станциясының теміржол кезекшісі

от 230589
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
288

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • сағат 8:45-те және 20:45-те еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша мақсатты нұсқама, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша нұсқама, станция басшылығынан ауысымға арналған жұмыс жоспарын алады.
  • Ауысымды қабылдау кезінде: поездарды қаылдауға, жөнелтуге қатысты басшылық нұсқаулармен және өкімдермен және станция бойынша кезекілікті тапсыратын кезекшінің ақпаратмен, станцияның жол ережесімен, ДУ-57 нысанындағы диспетерлік өкімдер журналына, ДУ-47 нысанындағы поездық телфонограммалар журналына, жүк паркі вагондарын ВУ-14 нысанына тхниалық қызмет көрсетуге ұсыну кітабына жазбалармен танысады, ДУ-46 нысанындағы жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СЦБ құрылғыларын, байланыс және байланыс желісін тексеру журналында, ДУ-60 нысанындағы ескерту жазбаларының кітаптарында ДУ-67 нысанындағы вагондарды бекітуге арналған тежегіш аяқ киімдер мен құрылғыларды нөмірлік есепке алу журналында кезекшілікті қабылдау туралы белгісі бар, жою мерзімі бір күн бұрын аяқталатын кемшіліктер туралы комиссиялық айлық тексеру актісінде жазбалары бар және ауысым ішінде олардың жойылуын бақылайды
  • іргелс аралықтардың еркіндігіне немесе жұмыспен қамталуына, басқару аспаптарының СЦБ және байланыс құрылғыларының жарамдылығына оларда тізімдемеге сәйкес пломбалардың болуына көз жеткізеді жұмыс орнында станцияның техниалық-өкімдік актісіне сйкес курбельдердің аспалы құлыптардың қызыл қалпақшалардың болуын және жарамдылығын тексереді, құрамдардың вагондар топтарының және жекелеген вагондардың тежегіш аяқ киімдермен бекітілуін тексереді станцияның ТРА 3.10.№ - трмағына сәйкес бекіту нормаларымен салыстыру арқылы станцияның жолдарында. ақпараттық тақтайшалардың нақты болуы, пульт-табло тежегіш аяқ киімдерінің саны және ДУ-67 нысанындағы вагондарды бекітуге арналған тежегіщ аяқ киімжер бекітуге арналңан тежегіш аяқ киімдер мен құрылғылардың нөмірлік есепке алу журналында көрсетілген тежегіш аяқ киімдерің саны
  • белгіленген тізбеге сәйкес техниалық және поездық құжаттаманың болуын тексереді
  • поездар қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша станцияңа іргелес аралықтарда поезд диспетчерімен, көрші станциялардың кезекшілерімен поезд локомотивтерінің машинистерімен байланысты жүзеге асырды
  • орталықтандырылған көрсеткілерді курбельмен аударуды жүзеге асырады орталықтандырудан өшіріліп оларды аспалы құлыптарға бекітеді

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары, орташа (техникалық және кәсіби), орташа , белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық 
Мамандығы: тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: жоғары: еңбек өтіліне талап қойылмай, ораташ (техникалық және кәсіби) поездар құрастырушы, поездар құрастырушының көмекшісі, сигнал беруші, кезекші бағыттама бекеті, станция операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл, орташа , белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық : поездар құрастырушы, поездар құрастырушының көмекшісі, сигнал беруші, кезекші бағыттама бекеті, станция операторы лауазымдарында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)