«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалы Атырау пайдалану локомотив депосының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің инспекторы – «Атырау филиалы»

от 246487
ТЧЭ-3 АТЫРАУСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 2 группы Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
723

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Мониторинг және талдау нәтижелері бойынша техникалық жабдықтарға, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету, басымдық бойынша жұмыстардың жай-күйін анықтау;Локомотив пайдалану депосында авариялардың алдын алу бойынша профилактикалық іс-шаралар жүйесін құру және енгізу жөніндегі жұмыс бағыттары;
  • Қозғалыс қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың барысы мен нәтижелерін қарау, оның жай- күйін талдау, жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту бойынша шаралар қабылдау, ҚҚБ қайталануының алдын алу;
  • Қозғалыс қауіпсіздігінің жай -күйін тексеруге, қажет болған жағдайда қызмет көрсетілетін бөлімшенің шекарасында орналасқан эксплуатациялық локомотив депосының (ТЧЭ,ТЧЭП,ТД)Серіктестіктің немесе басқа филиал басшылығының қарамағында тексерулерге қатысу;ҚҚБ -ны зерттеу кезіндегі жұмыстар бойынша олардың алдын алу , шұғыл ұйымдастырушылық танытып, қатысу, ұсыныстар әзірлеу;7
  • Қызмет көрсетілетін бөлімшенің шекарасында орналасқан эксплуатациялық локомотив депосындағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуді үнемі, шұғыл түрде үнемі тұрақты бақылау;   
  • Техникалық жабдықты, жылжымалы құрамды пайдалану,  техникалық қызмет көрсету, жұмыс сапасы бойынша нормативтік құжаттардың  сақталуына тексеру жүргізу, комиссиялық бақылаулар тексерулер жүргізу; 
  • Қозғалыс қауіпсіздігі деңгейін арттыруға бағытталған жаңа техникалық құралдарды енгізу саласында локомотив депосының жұмысында пайдалануды үйлестіру;
  • Техникалық  оқытуды ұйымдастыру мен жүргізілу сапасына аудит жүргізу және локомотив бригадаларына нұсқау беру өнімділігін тексеруді жүргізу;
  • Нормативтік міндеттердің орындалуын тексеру кезінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында депо басшыларының оқытуға жеке қатысуын және машинист-нұсқаушылардың, депо кезекшілерінің қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуде лауазымдық нұсқаулық бойынша орындалатын жұмыстарын тексеру;
  • Тексеру кезінде  анықталған кемшіліктердің қорытындысын локомотив пайдалану Департаментіне мәлімдей отырып, локомотив пайдалану депосы басшылығының сол қателіктер бойынша кемшіліктерді жою және жұмысты жақсарту бойынша қажетті шаралардықабылдауы үшін жүргізу; 
  • Әңгімелесулердің көп арналы цифрлық жазбаларының (МСР) апта сайын тыңдау, сол тыңдау бойынша есеп жүргізу, қызметкерлердің арасында сөйлесу кезінде ережелердің бұзылғанын анықтаған кезде тиісті шаралар қабылдау;
  • ТЧЭ басшылығының жүргізген тексерулер нәтижелері бойынша жасалған қозғалыс қауіпсіздігі шараларының орындалуына бақылау тексерулер жүргізу;
  • Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша БМЖ- ны заманауи және үздіксіз жетілдіруді енгізуге және қолдауға қатысу;Серіктестік пен Компанияның қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша аясаты мен мақсатын іске асыруға атсалысып қатысу;
  • Ағымдағы жоспарлауды, есепке алуды, есептерді дайындауды және басшылыққа уақытында ұсынуды ұйымдастыру;
  • Локомотив пайдалану депосында техникалық оқытудың өтуін бақылау;
  • Жоғары тұрған ұйымдардан келген бұйрықтардың, жеделхаттардың, нұсқаулықтардың талаптарының орындалуын қадағалау;
  • Қозғалыс қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін жағдайлардың алдын алған қызметкерлерді көтермелеу үшін жоғары тұрған органдарға ұсыныстар дайындау;
  • Қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіретін жүк және жолаушы тасымалы пойыздарының локомотивтің автотежегіш жабдығының дұрыс жұмыс істемеуінен,диагностикалық құрал-жабдықтардың көрсеткіштерінен және де басқа себептермен жол бойындағы аралық станциялардағы тоқтауларының есебін қадағалау;
  •  Технологиялық процестер мен өндіріс режимдерін түзетуге байланысты техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу бойынша техникалық негізделген уақыт нормаларын , графиктік карталарды әзірлеу жөніндегі комиссияның жұмысына қатысу;

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы:   Көлік, көліктегі техника және технология; Локомотивтер; Теміржол көлігінің қозғалысы мен пайдалануды, тасымалдауды ұйымдастыру;
  • Жұмыс өтілі:   Локомотив шаруашылығы бойынша 3 (үш) жылдан кем емес;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр