жетекші инженер-метролог
«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.Міндеттері:
стандарттау объектілерін айқындайды, жаңа стандарттарды әзірлеуді және қолданыстағыларын қайта қарауды ұйымдастырады, нормативтік-техникалық құжаттамаға сараптама жүргізеді;
Серіктестіктің өндірістік қызметін метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастырады;
жаңа өлшеу құралдарын енгізу бойынша жобаларды және жоспарлы тапсырмаларды, өндіріс тиімділігін арттыру, метрологиялық қамтамасыз етуді, өлшеу, бақылау және сынау құралдары мен әдістерін жетілдіру бойынша ұйымдастыру-техникалық шараларды дайындауға басшылық жасайды;
жергілікті салыстырып тексеру сұлбаларын дайындауды, оңтайлы жиілікті белгілеуді және өлшем құралдарын салыстырып тексерудің күнтізбелік кестелерін әзірлеуді қамтамасыз етеді;
Серіктестікте әзірленген, сондай-ақ басқа ұйымдардан алынған конструкторлық және басқа да техникалық құжаттамаға метрологиялық сараптама жүргізу жұмыстарын басқарады;
бақылау-өлшеу құралдарын қолданумен байланысты өндірістік процестерді автоматтандыру бойынша жүргізілетін зерттеулерге, ұйымның осы құралдарға қажеттілігін анықтау жұмыстарына қатысады;
заманауи әдістер мен өлшем құралдарын енгізуді, сондай-ақ өлшеу қателіктерін бағалау бойынша жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз етеді;
метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдау, стандартталмаған өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттаудан өткізу, оларды салыстырып тексерудің әдістерін, нұсқауларын және өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу, келісу және бекіту, сондай-ақ өлшем құралдарын қалпына келтіру, жөндеуден кейін аттестаттау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. , тексеру;
технологиялық процестің нормативтік құқықтық актілерде көзделген барлық өлшем құралдарымен жарақталуына, Серіктестік бөлімшелерінде қолданылатын өлшеу құралдары мен әдістерінің көрсетілген өндіріс режимдерінің және өнім сапасының сақталуына қойылатын талаптарға сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады;
арнаулы өлшеу құралдарын жобалауға және әзірлеуге техникалық шарттарды дайындауды ұйымдастырады;
өлшеу, сынау және бақылау құралдарының айырбас қорын толтыруды, жұмыс эталондарын белгіленген тәртіпте сақтауды және салыстыруды, өлшем құралдарының үлгілерін жөндеуді және тиісті жағдайда ұстауды қамтамасыз етеді;
өлшем дәлдігі стандарттарын, тексеру әдістері мен құралдарын реттейтін мемлекеттік стандарттарды, ұйымдық стандарттарды және басқа да нормативтік-техникалық құжаттаманы енгізуге жәрдемдеседі;
белгіленген есептерді жасау және оларды мемлекеттік метрологиялық қызметке ұсыну жөніндегі жұмысты басқарады;
метрология саласындағы жұмысшылардың біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады.
Талаптар:
- тиісті мамандарды даярлау саласында жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
- Метрологиялық қамтамасыз ету лауазымдарында кемінде 5 жыл кәсіби тәжірибесі
Шарттары:
Қажетті қабілеттер
- инженер по метрологии
- знание закона "О техническом регулировании", "О обеспечении единства измерений", "О стандартизации"
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр