ИНЖЕНЕР -КОНСТРУКТОР (ЖОБАЛАУ-КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ, МЕХАНИКАЛЫҚ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ СЕКТОР))

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
15

Қаралған саны:
3594

   Конкурс туралы

Міндеттері:

    • Жергілікті тораптардың технологиялық сұлбаларын, жабдықтарды жайғастыру және құбырлар бекіткіштерінің нобайлық, техникалық және жұмыс жоспарларын әзірлейді, олардың жобалау нормаларына және ережелеріне, ГОСТға, ЕСКД, ЕСТД нормаларына, өндірістің үнемді технологиясының талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ оларда стандартты және бірыңғай бөлшектерді және түйіндерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
    • Принципиалды сұлбалар және нобайлық жобалар негізінде жеке тораптар мен агрегаттарды жалпы жинақтауды және технологиялық байланыстыруды жасайды, жұмыс жобаларын тексереді және жұмыс бағдары бойынша сызбаларға бақылау жасайды, заттың күрделі бөлшектерінің нобайларын сызып алады және күрделі талдауларды орындайды..
    • Жобалар бойынша техникалық есептеулер, жобаланатын құрылғылардың тиімділігіне техникалық-экономикалық талдау жүргізеді, құрылғыларды пайдалану бойынша нұсқаулықтар, оларға түсіндірме жазбалар, паспорттар, техникалық деңгей карталарын, сынаулар бағдарламаларын, техникалық талаптарды, бұрын әзірленген сызбалардағы өзгерістер туралы хабарлама қағаздарды және басқа техникалық құжаттарды жасайды.
    • Жобалау және құрылымдау кезінде пайдалану мақсатында басқа кәсіпорындардан және ұйымдардан келіп түскен конструкторлық құжаттармен танысады және талдайды.

     

    • Жобалау, ұқсас өнімді және өндіріс процесстерін жобалау және құрастырудың озат тәжірибесі бойынша нормативтік және басшылыққа алатын материалдарды зерделейді.
    • Әрекеттегі нысандарды, құрылғыларды, коммуникацияларды және жабдықтардың кейбір түрлерін қолданыстағы қауіпсіздіктің нормаларына және қағидаларына сәйкес келтіру бойынша жобалау шешімдерін орындайды.
    • Бұйымдардың, тораптардың, жүйелердің және кәсіпорын шығаратын өнімдердің жаңа және жаңғыртылған бөлшектердің тәжірибелік үлгілерін құрастыруға, баптауға, сынауға және пайдалануға беруге және кәсіпорын шығаратын өнімнің конструкцияларын пайдалануға беруге, өнертабысқа тапсырыстар жасауға, сондай-ақ жетілдіру, жаңғырту бойынша жұмыстарға, құрастырылатын бұйымдарды, олардың элементтерін бірыңғайландыруға және стандарттардың және сертификаттардың жобаларын әзірлеуге қатысады.
    • Еңбектің қауіпсіз және салауатты жағдайларын жасауға бағытталған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін жобалау-конструкторлық құжаттарды әзірлейді.
    • Кәсіпорынның басқа бөлімшелерімен, тапсырыс берушілердің өкілдерімен әзірленетін жобаларды келіседі.
    Орындалатын жұмыстың бағдарына сәйкес  шет ұйымдар жобаларының жеке тарауларының нысандарды жөңдеуге және қайта құрастыруға пайдаланатын, қолданыстағы құрылыс нормаларының және ережелерінің талаптарына, қауіпсіздік техникасына, өрт қауіпсіздігіне, ҚР экологиялық кодексіне сәйкестігін қарауға қатысады.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (техникалық) білімі
  • инженер-конструктор лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл

Шарттар:

әлеуметтік пакет
жеткізу