«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосының ТЧЭ-14 депосы (пайдалану жөніндегі) бастығының орынбасары

от 660504
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
431

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Сапарлық, маневрлік және шаруашылық жұмыстарына локомотивтерді үздіксіз берумен қамтамасыз етеді, сонымен қоса паркте тіркелген локомотивтердің техникалық дұрыс жағдайымен қамтамасыз етеді;
  • Өндірістік тапсырмалардың орындалуын бақылау, Компания мен Серіктестіктің тапсырмаларын уақытылы орындау;
  • Сапарлық, манервлік және шаруашылық жұмыс кезінде локомотив пайдалану депосында қозғалыс кауіпсіздігімен қамтамасыз етеді;
  • Шұғыл шара қолдануды талап ететін және қозғалыс қауіпсіздігіне қауіп төңдіретін табылған бұзушулықтар туралы темір жол көлігінің қатысты лауазымды тұлғаларына шұғыл түрде ақпарат береді;
  • Поездар қозғалысы қауіпсіздігі бұзылған жағдайда тергеуге қатысады;
  • Қозғалыс қауіпсіздігі бұзылу бойынша шұғыл талқылау жүргізеді сонымен қоса талқылау қорытындысы бойынша ,реттелетін шараларды орындайды;
  • Алдын алу шараларын әзірлейді;
  • Сапарлық және маневрлі жұмыс кезінде поездар қозғалысы тәртібінің бұзылуынын алдын алу бойынша ,тыйым салынатын сигналдардан өтіп кету, апатсыз жұмысты ұйымдастыру;
  • Локомотив бригадаларының еңбек және демалу тәртібін жақсарту;
  • Еңбек және өңдірістік тәртіпті бекіту;
  • Қауіпсіздік құрылғыларын,сапарлық және маневрлі радио байланысты,авто тежегішті жабдықтарды басқада техникалық құралдарды пайдаланғанда тиімді жұмысты жоғылату және модернизациялау;
  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,локомотивтерді пайдалану және ұстау ережесін НПА және НТД талаптарына жұмыс технологиясының орындалуына сай локомотив бригадаларының қызметтік міндеттерінің орындалу сапасын тексеру үшін (локомотивтермен) желіге шығады;
  • Локомотив бригадаларының белгіленген саның,оларды тандау,сапалы құрам,қызметкерлер саның талабына сәйкес пайдалану цехының кадрларын кәсіби және білікті талаптарына сай кою,әзірлер,қайта әзірлеу,біліктілікті жоғарылату және белгіленген тәртіппен жүргізіп үйретуді бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін)
  • Саладағы мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология (локомотив және локомотив шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша 5 жылдан кем емес, соның ішінде нұсқаушы машинист болып/локомотивтерді қабылдаушы болып 3 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы