Орал станциясының желілік-аппарат залын күту бригадасының байланыс аға электрмеханигі

от 318701
Уральская дистанция сигнализации и связи Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
358

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Теориялық және практикалық қызмет көрсетілетін құрылғыларды және жұмыс ережелерін білу, сонымен қатарқұрылғы параматетрлерін өлшей және реттей алу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу дағдыларының болуы; жүйелі түрде білім деңгейін көтеру, өз тәжірибесімен  және білімімен қарамағындағы қызметкерлермен бөлісу.
Технологиялық процесс жоспар кестесін және сенімділікті арттыру жоспарын әзірлеу; айсайын бригада жұмысына арналған жедел жоспар құру; қарамағындағы адамдардың жұмыстарын  жүйелі түрде тексеру,  құрылғылардың дұрыс және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету.
Байланыс құрылғыларын күту бойынша техникалық құжаттың болуы.
Тоқсанына кемінде бір рет барлық қызмет көрсетілетін байланыс құрылғыларының техникалық баптау стандарттарына сәйкестігін тексеру; байланыс электрмехагниктері мен электрмонтерлерінің бекітілген техникалық қызмет көрсету жоспарлары мен кестелеріне сәйкес жұмыстарды орындау ережелерін сақтауы; есептеу құжаттамалары мен жазбаларды дұрыс жүргізу, анықталған кемшіліктерді байланыс электрмеханиктері мен электрмонтерлеріне көрсету, тексеру нәтижелерін ШУ-2 Журналына жазу.
Құрылғылардың дұрыс техникалық жай-күйінің нормаларынан ауытқулар немесе ақаулар анықталған жағдайда, оларды мүмкіндігінше тезірек жоюға шаралар қабылдауға , қызмет көрсетілетін аймақта олардың қайталануын болдырмау үшін ақаулықтардың себептерін анықтауға, пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыс ережелерін сақтауға; 
Жылжымалы құрамның апаты туралы хабар алған жағдайда жергілікті нұсқаулыққа сәйкес өз қызмет ететін телімінде оқиға болған жерге жедел жету, байланыс құралдарымен қамтамасыз ету және дистанция диспетчеріне хабарлау.
Басқа ұйымның қызметкерлерін сигнализация және байланыс дистанциясы бастығымен келісіліп, басқа ұйымдардың басшыларымен құрылған жоспарға сай қолданылатын байланыс құрылғыларымен қолдануды үйрету.
Аппараттардың жай-күйін комиссиялық немесе жеке тексеру нәтижесінде анықталған және актілерде, журналдарда және басқа да құжаттарда белгіленген кемшіліктерді байланыс электрмеханиктердің және электрмонтерлердің сапасы мен жедел жоюын бақылау, сондай-ақ, жұмыстардың орындалуын  ұйымдастыру және бақылау.                                                                                                                                                                                                                                     Ерекше ұқыптылық пен қырағылық таныта отырып, қызмет көрсетілетін аумақта жұмыс істейтін құрылғыларды орнатудағы өзгерістерге байланысты және бекітілген техникалық құжаттамаға сәйкес ғана жүргізілетін жұмыстарды жеке қадағалау. Құрылғыларды жұмысқа беру алдында аға электрмеханик олардың жұмысының дұрыстығын мұқият тексеруі керек.
Ағымдағы нұсқаулықтар мен жұмыс менеджерінің нұсқауларына сәйкес осы жұмысты қабылдай отырып, өз телімі бойынша байланыс құрылғыларын қайта құру кезінде орындалған жұмыстардың сапасын тексеру. 
Қарамағындағы қызметкерлерге пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі түрде есеп беру. Курс жетекшілері бекіткен техникалық оқу жоспарларына сәйкес электрмеханиктер мен электрмонтерлер ақауларды табу және жоюдың практикалық әдістерін тәжірибеден өткізу.
Жұмысты орындауға қажетті материалдардың , қосалқы бөлшектердің , құралдар мен бақылау-өлшеу құралдарының орнында және қоймада болуын қамтамасыз етуге; олардың жұмысқа жарамдылығын қадағалау, оларды уақытылы толықтыру және ауыстыру. 
Сеніп тапсырылған жабдықты ,инвентарьларды және құралдарды, техникалық құжаттаман ұқыпты ұстау, олардың сақталуын және жақсы жағдайын қамтамасыз ету, ресурстардың барлық түрлерінің өнімсіз шығынын азайтуға ұмтылу.
Дистанция басшылығының тапсырмасымен қажеттілігіне байланысты басқа телімдердегі жөндеу жұмыстарына көмек көрсету үшін шығу.
Қызмет көрсетілетін құрылғыларды қысқы жағдайда жұмыс істеуге және қолжетімділікке, көктемгі су тасқынына уақытылы және сапалы дайындау.
Электрмеханиктер мен электрмонтерлердің еңбек қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі туралы ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын орындауын бақылау және жүйелі түрде нұсқау жүргізу. 
Жұмыс берушінің акттарымен, еңбек, ұжымдық келісімшарттармен, келісімдерімен сәйкес еңбек міндеттерін орындау.
Еңбек тәртібін сақтау
Жұмыс орнында еңбек қорғау және қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария талаптарын сақтау.
Қызмет көрсету аясы: Орал станциясы желілік-аппарат залы

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғарғы (және жоғарғы білімнен кейінгі)
  • Мамандық бойынша: Темір жол саласындағы автоматика телемеханика; Темір жол саласындағы радиотехника, электроника және телекоммуникация, Темір жол саласындағы автоматизация және басқару; 
  • Опыт работы: без предъявления требований к стажу

Қосымша талаптар:

Қызмет көрсету аясы: Орал станциясы желілік-аппарат залы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж