«KTZ Express» АҚ Бухгалтерлік есеп және салықтық есеп департаментінің қаржылық есептілікті жасау функционалдық бағытының менеджері (15 грейд)

от 382762
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
436

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Бухгалтерлік және салықтық есеп департаментінің қаржылық есептілікті дайындау жөніндегі функционалдық бағыттың менеджері
  • SAP BW жүйесіндегі дебиторлық және кредиторлық берешек бойынша топ ішіндегі айналымдарды тексереді;
  • Орталық аппарат бойынша 127012 және 338014 шоттары бойынша жеткізушілер мен сатып алушылардың фактураланбаған сомалары бойынша ақпарат береді;
  • ДБНУ-мен байланысты Қоғамның бұйрықтарының, өкімдерінің және басқа да құжаттамаларының жобаларын әзірлеуге қатысады;
  • Қоғамның филиалдарынан, еншілес ұйымдарынан тоқсандық және жылдық ведомствоішілік есептілік нысандары мен оларға таратып жазудың ведомствоішілік қаржылық есептілік нысандары пакетінің толық көлемін уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді;
  • Топішілік айналымдар мен өзара есептерді жоюды ескере отырып, қоғамның жиынтық есептілігін уақтылы қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
  • Қоғамның кірістері мен шығыстары бойынша жедел қаржылық ақпаратты уақтылы қалыптастыруды және тексеруді қамтамасыз етеді;
  • ҚТЖ "ҰК" АҚ-да топішілік айналымдар мен өзара есеп айырысулардың жойылуын ескере отырып, белгіленген тәртіппен Қоғамның ведомствоішілік есептілік нысандарының пакетін ұсынуды қамтамасыз етеді;
  • Тоқсан сайын, жылдық қалыптастыру, қол қою, "ҚТЖ" ҰК" АҚ тобына кіретін филиалдар мен ұйымдар арасында көрсетілген жұмыстар мен қызметтер бойынша өзара есеп айырысуларды салыстыру актілерін ұсыну;
  • "ҚТЖ"ҰК" АҚ тобына кіретін қоғам мен ұйымдар арасындағы топ ішіндегі өзара есеп айырысулар бойынша №1 шоғырландырылған әзірлеу кестесін ұсыну, тоқсан сайынғы, жылдық қалыптастыру;
  • SAP BW жүйесіндегі "Самұрық – Қазына "ҰӘҚ" АҚ есептілік пакетінің 13, 14, 15-қосымшасы, қаржылық есептілік нысандарын электронды тасымалдағышта түсіру, мұрағаттау, шығыстар мен кірістер бойынша топішілік айналымдарды тексереді
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
    «Бухгалтерлiк есеп және аудит», «Қаржы және экономика» мамандығы
    Мамандық/қызмет саласында, сондай-ақ экономика және қаржы саласындакемінде 2 жыл жұмыс өтілі кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы