Экономика және тариф құру бөлімінің бас маманы
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Талаптар:
- Білімі жоғары-экономикалық және мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- Экономика және тариф құру бөлімінің бас маманы өз қызметінде келесі құжаттарды басшылыққа алуы керек:
- - өндірістік - шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметін регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілерімен;
- - Қазақстан Республикасының салық заңнамасымен;
- - Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексімен;
- - ISO 9000, ISO 9001, OHSAS 18001, ISO 14001, ISO 31000 халықаралық стандарттарының талаптары.
- Экономика және тариф құру бөлімінің бас маманы орындалатын жұмыс көлемінде мынадай практикалық дағдыларға ие болуы тиіс:
- ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметінің перспективалық және ағымдағы жоспарларын әзірлеу;
- бизнес-жоспарларды әзірлеу;
- экономикалық стандарттар жүйесін және ұйым көрсеткіштерін әзірлеу тәртібі; статистикалық есепке алуды, жоспарлы-есептік құжаттаманы, есептілікті жасау мерзімдері мен тәртібін ұйымдастыру;
- жедел және статистикалық есепке алуды ұйымдастыру;
- өндірістік-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін экономикалық талдау әдістерін қолдану тәсілі;
- материалдық және еңбек шығындарының нормативтерін, көтерме және бөлшек сауда бағаларын әзірлеу;
- жаңа техника мен технологияны енгізудің экономикалық тиімділігін анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар;
- мемлекеттік тілді меңгеру;
- ұйымдастыру техникасы құралдарымен жұмыс жасау;
- офистік бағдарламалар пакетін (IBM Lotus Notes, Microsoft Outlook "1С Кәсіпорын", Excel, Word), коммуникация мен байланыстың өзге де заманауи техникалық құралдарын пайдалану және қолдану жағдайы.
Міндеттері:
- Нарықтың қажеттіліктеріне және қажетті ресурстарды алу мүмкіндіктеріне сәйкес ұтымды шаруашылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған экономикалық жоспарлау жұмысын қамтамасыз ету, жұмыстың барынша тиімділігіне қол жеткізу мақсатында өндіріс резервтерін анықтау және пайдалану.
- Қаржы-шаруашылық қызметтің нақты көрсеткіштері мен есепті деректерін талдау.
- Шығындардың жоспарлы нормативтерін (материалдық, қаржылық, еңбек), кірістер мен шығыстар бюджеттерін тарифтік сметасын әзірлеуге қатысу.
- Кіріс бөлігі бойынша бюджеттің ауытқулары мен орындалмау себептерін және бюджеттің шығыс бөлігінің пайдалану шығындары баптарының, тарифтік сметаның артық шығындарын талдау.
- Басшылық шешім қабылдаған және қаражатты жұмсаудың негізділігі (түзету) жағдайында бюджетке, тарифтік сметаға түзету енгізу.
- Бюджеттің, тарифтік сметаның орындалуы бойынша есептілікті жасау және ұсыну (ай сайын, тоқсан сайын).
- Бекітілген әдістеме бойынша есептеулерді жүзеге асырады, бюджетті, оның бөлімдері мен баптары бойынша тарифтік сметаны келісуді және байланыстыруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті негіздеме береді.
- Компанияның экономикалық қызметі мен басқару жүйесін нарық жағдайында өзгеретін сыртқы және ішкі экономикалық жағдайларға бейімдеу мақсатында стратегиясын әзірлеуге қатысу.
- Қызметтің барлық түрлеріне кешенді экономикалық талдау жүргізу және күрделі салымдарды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, шығындарды азайту, рентабельділікті арттыру, пайданы ұлғайту, шығындар мен өнімсіз шығыстарды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу.
- Бөлімдердің жоспарлы тапсырмаларды орындауын бақылау, сондай-ақ АстӨФ жұмысының барлық өндірістік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері бойынша статистикалық есепке алу, белгіленген мерзімдерде мерзімді есептілікті дайындау, статистикалық материалдарды жүйелеу.
Шарттар:
- Жұмыс күні сағат 9-дан 18.30-ға дейін, түскі үзіліспен (1,5 сағат), жыл сайынғы еңбек демалысы және т. б.
Қажетті қабілеттер
- * Стрессоустойчивость
- *Коммуникабельность
- - Ответственность, быстрообучаемость, честность ;
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)
- Орыс тілі (Бастапқы)
Ұқсас вакансиялар
Экономика, қаржы және инвестициялар департаментінің бас маманы
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
20.01.2025 | 2015
Жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің аға менеджері
«Самрук-Қазына» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.12.2024 | 10671
жетекші экономист
«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Атыраудағы филиалы | Еңбекпен толық қамтылу
| Атырау қ.
21.01.2025 | 52