«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жол бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жол бөлімінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
- жол қашықтықтарында техникалық құжаттаманың дұрыс жүргізілуін және "ҚТЖ "ҰК" АҚ, Дирекция, бөлімше басшылығының бұйрықтарының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- қозғалыс жылдамдығын шектеу, оларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеу туралы қолданыстағы ескертулерді беруге және олардың күшін жоюға тәуліктік бақылауды жүзеге асырады;
- қар күресінің жедел жоспарын әзірлейді және жасайды, шаруашылықтарды қысқы жағдайларда жұмысқа дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүргізеді;
- қар күресі бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды, қар тазалау және қар тазалау техникасының жұмысын, локомотивтердің уақтылы берілуін бақылауды жүргізеді;
- жол шаруашылығы бойынша қозғалыс қауіпсіздігін бұзу жағдайларын болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
- көктемгі, күзгі, кезектен тыс комиссиялық тексерулер мен техникалық тексерулер жүргізуге қатысады, анықталған кемшіліктердің уақтылы жойылуын бақылайды;
- техникалық және кешенді тексерулер, көктемгі және күзгі жолдарды және оның жайластырылуын, құрылыстарын тексеру барысында анықталған ескертулердің жойылуына бақылауды жүзеге асырады;
- "ҚТЖ "ҰК" АҚ басшылығының, дирекцияның телеграфтық нұсқауларына сәйкес техникалық сабақтар өткізеді;
- 25% іріктеп тексерумен күрделі жөндеуден өткен жол учаскелерін ұйымдастыруға, өткізуге және пайдалануға беруге қатысады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы), көлік құрылысы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)