Орталықтандыру станциясының кезекшісі "ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"БП Шымкент бөлімшесі"филиалының Сарыағаш сыныптан тыс станциясы

2450406 - 295710
НОД-9 (Шымкентское отделение ГП) Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
127

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Пойыздар қозғалысын реттейтін ДУ-3 нысанжы журналын жүргізеді
  2. СТО, КТП, ТҚКП жұмысшыларымен пойыздардың өнделуі туралы сөййлесулерді жүргізеді
  3. Барлық пойыздарға 201, 200, 204, 206, 209, 226, 230, 203, 333 хабарламасын енгізеді
  4. Кірме жолдарға вагондарды беру-шығару бойынша 1397 хабарламасын енгізеді
  5. Пойыздардың станцияға келуі, вагондарды үзілуі, жалғануы жөнінде уақытылы СТО жұмысшыларына хабарлап ескертеді
  6. Вагондарды уақытылы СТО операторларымен жазылуын қадағалайды
  7. Жүк тапсыру кеңсе жұмысшыларына 4770 хабарламасын енгізуіне нұсқау береді
  8. ВУ -14 нысанды ижурналын жүргізеді  

Біліктілік талаптары:

Білімі:
орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандығы:
көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару Жұмыс тәжірибесі:
парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Орташадан жоғары)