«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «Магистральдық желінің Қызылорда бөлімшесі» филиалының Қызылорда дабыл және байланыс дистанциясының (ШЧ - 39) 1-санатты техникалық құралдарды пайдалану жөніндегі инженері

306810 - 325044
Кызылординская дистанция сигнализации и связи Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
134

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Телімдердегі техникалық құжаттардың ПТЭ талаптарына, нұсқаулықтарға және НТП типтік жобалық шешімдерге сәйкестігіне тексеру жүргізу.
  • Поездар қозғалысының қауіпсіздігі бойынша ГТСС нұсқауларын, жиынтық жоспарды орындау.
  • Өзгерістерді автоматика және телемеханика лабораториясымен (ШЛ) келісіп, сигнализация және байланыс департаментімен бекітіп енгізу.
  • Техникалық құжаттардың жылына 1 рет телімдегі экземплярмен уақытылы салыстырылуын қадағалау.
  • Техникалық құжаттардың дистанциядағы экземплярын 3 жылда 1 рет автоматика және телемеханика лабораториясымен (ШЛ) салыстыру.
  • Жаңа құрылысқа және жабдықтарды жаңғыртуға арналған құжаттарды тексеру.
  • Өндірістік телімдерді бекітілген техникалық құжаттармен қамтамасыз ету, оларға есеп жүргізу.
  • СОБ, КТСМ, АЛСН, РПС және байланыс құрылғыларын теориялық және практикалық тұрғыда жақсы білу.
  • Ескірген және ауыстырылған техникалық құжаттардық жаңартылуын және мұрағатқа өткізілуін қадағалау.
  • ШЧ бкіткен кестеге сәйкес телімдердегі техникалық құжаттарды кезеңмен тексеру.
  • Қосалқы сызбаларды, архивті, дистанция экземплярын күтіп ұстау.
  • Принципиалды және монтажды схемаларға өзгерістер енгізу және аға электромеханикке тексеруге беру.
  • Телімдердегі енгізілген өзгерістерді штамппен бекіту.
  • СОБ, КТСМ, АЛСН, РПС және байланыс құрылғыларына енгізілген өзгерістерге есеп және бақылау жүргізу.
  • Әр айдың 30-на дейін жеке жұмыс жоспарын орындап сенімділік бригадасының аға электромеханигіне мәлімдеу.
  • Аға электромеханиктердің баяндамасы бойынша монтаждардың сәйкестігін тексеру және бақылау жүргізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: орта-техникалық;
  • Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі байланыс;
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж