"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалының әкімшілік сұрақтер және менеджмент жүйелері бойынша бөлімінің жетекші маманы

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Жамбыл өндірістік филиалы Тараз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
193

   Конкурс туралы
Міндеттері:
Хат-хабарларды қабылдайды және орындайды, оның сақталуын қамтамасыз етеді, олардың орындалу мерзімдеріне бақылау жүргізеді, сондай-ақ құжаттарды техникалық ресімдеуді жүзеге асырады. Жедел есепке алудың әртүрлі түрлері бойынша жұмыстар жүргізеді (дайын өнім көлемі, Шикізат шығыны, материалдар, өндірісте тұтынылатын энергия). Қызмет көрсетуге шарттар жасасу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуді жүргізеді. Кеңсе тауарларын, баспа өнімдерін және шаруашылық тауарларын ай сайын есептен шығаруды жүргізеді. Бюджет бойынша шығыстар жоспарын және алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын жасауға қатысады. Негізгі құралдарға, материалдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізеді. Шаруашылық мақсаттар үшін бөлінетін материалдар мен құралдарды береді және бақылайды. Электр энергиясының, суық судың көрсеткіштерін жинауды, талдауды ұйымдастырады. Өртке қарсы іс-шаралардың орындалуын және өрт мүкәммалын жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді. 
Қызметтегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жай-күйін тексеру барысында жасалған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің ұйғарымдары бойынша орындалған жұмыстар туралы есептерді ұсынады. Қызметке қауіп төндіретін қауіпсіздік техникасының, өртке қарсы және санитарлық ережелердің бұзылуын жою бойынша басшылықты уақтылы хабардар етуді қоса алғанда, жедел шаралар қабылдайды. Интеграцияланған менеджмент жүйесі саласындағы мақсаттарды және бөлімнің интеграцияланған менеджмент жүйесі саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады. Бөлімге бекітілген жұмыс көлемін орындау үшін қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға өтінімдер жасайды, тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді таңдауға және бағалауға қатысады.

Талаптар: Жалпы білімі – жоғары (заңдық немесе экономикалық) және жұмыс өтілі кемінде 2 жыл.

Шарттар: 5 күндік жұмыс аптасы