«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей вагон пайдалану депосының Аягоз техникалық күту бекетінің вагон депосының операторы

206805 - 219489
ВЧД-23 СЕМЕЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 2 группы Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
222

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

АРМ ПТО бағдарламасы бойынша (компьютерге) тасымалдауды шұғыл

басқарудың автоматтық жүйесіне хабарлама енгізеді, тәуілік бойы станциялар мен

вагон пайдалану деполарының шұғыл ақпараттық қатынаста болып, 15-20 минутта

вагон жинақтары жөнінде мәлімет жинау үшін, «Жүк вагондарының нақты жүгірген жолын

есепке ала отырып жөндеу үшін нұсқаулар жайлы» № 320- ЦЗ 22.11.2001 жылғы ЦГ

бұйрықтарына сәйкес «Семей вагон пайдалану депосы» филиалының барлық ТККБ мен

БҚ желісінде поездан ағытылып ағымдағы және жоспарлы жөндеуге қойылған ақаулы

вагондардың есебін жүргізеді, хабарламалар енгізгенде ЦВ, ГВЦ (ЦИС-/113-03,

ЦИС-114-03) телеграфтық нұсқаулар мен әдістемелерді қатаң басшылыққа алады;

ВУ-23 үлгідегі хабарлама бойынша ақаулы жүк вагонын жұмыс істемейтін паркке

ауыстыру жайлы 1353-хабарлама жобасын енгізеді; ағымдағы ағытып жөндеу цехы

бригадирінің мәліметі бойынша 4634-жүк вагонының жинақ парағы, 2731-вагон жинағы

жайлы мәлімет жобаларын енгізеді және бригадирмен бірге ағымдағы ағытып жөндеу

цехынан шыққан вагон жинағы бойынша мәліметтердің дұрыс енгізілуіне жауап береді;

жұмыс істемейтін паркте санақ жүргізеді, ВУ-23 үлгідегі хабарлама бойынша (27,31,33,34) 

станция жолдарындағы ақаулы вагондарды нақтылайды;

Жоспарлы жөндеуден шыққан (станция үшін, төлем жасауға және операторға) және вагон

 жинағына өзгеріс енгізгенде 2-3 дана, ағымдағы ағытып жөндеу цехының бригадирі

берген ВУ-36 үлгідегі хабарлама негізінде 1354-вагонды жөндеуден шығару және жұмыс

паркіне қосу хабарламасының жобасын енгізеді;

Біліктілік талаптары:

Білімі

орта, (техникалық және кәсіби)

Мамандық аясында

Темір жол жылжымалы құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу, пайдалану

еңбек өтелі

еңбек өтеліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Ұқсас вакансиялар

НОД-6 «ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының ВЧД-24 Өскемен эксплуатациялық вагон депосының Риддер ТКҚП-ның жылжымалы құрам жөндеу слесарьі
ВЧД-24 ЗАЩИТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 3 группа | Еңбекпен толық қамтылу | Шығыс Қазақстан облысы
18.09.2024 |  80
от 214731
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің 1 санатты бас маманы – ЖТ Семей филиалы
НОД-6 (Семейское отделение ГП) | Еңбекпен толық қамтылу | Шығыс Қазақстан облысы
17.09.2024 |  367
от 256853
«ҚТЖ» ҰК АҚ филиалы Аягөз сигнализация және байланыс дистанциясы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері – «Семей магистральдық желі филиалы»
Аягозская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Шығыс Қазақстан облысы
16.09.2024 |  344
335350 - 350414