"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Қандыағаш қалпына келтіру поезының автокөлік жүргізушісі

от 195134
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
464

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1)  жол қозғалысы Ережелерін, қалпына келтіру пойызының құрылғыларын, автокөлігін жөндеу мен жұмысын білу; 
2) жұмыс технологиясын, қауіпсіздік техникасын, қалпына келтіру пойызы автокөлігін жөндеу және техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтау және автокөлік техникасын, көлікжайын таза күйде ұстау; 
3) автокөлік техникасының жоспарлы-ескертетін жөндеуін уақытылы және сапалы жүргізу; 
4) өз жұмыс орнының еңбек жағдайын жақсарту, қалпына келтіру пойызы мен бекітілген аумақты тазалау, ретке келтіру жұмыстарына қатысу. Қалпына келтіру пойызы бастығының, бастығы орынбасарының, шеберінің шаруашылық жұмыстар кезінде тапсырмаларын орындау.  

Біліктілік талаптары:

Біліктілік талаптары:

Білімі

орта, белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық, жүргізуші куәлігінің болуы 

Жұмыс тәжірибесі

жұмыс өтіліне талап қойылмайды 

Қажетті білім дәрежесі

  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру

Ұқсас вакансиялар

Автокөлік жүргізушісі механикалық автотранспорт бөліміне "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ -" Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиаланың Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
31.10.2024 |  568
208794 - 215644
Дрезина жүргізушісі механикаландыру және автомобиль көлігі бригадасы 2 топ "ҚТЖ" ҰҚ" АҚ -" Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі филиаланың Қандыағаш сигнализация және байланыс дистанциясы
Кандыагашская дистанция сигнализации и связи | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
31.10.2024 |  307
251604 - 265302
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Ақтөбе магистральдық желі дирекциясы филиалы Никельтау жол дистанциясы өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері (жолдары)
Никельтауская дистанция пути | Еңбекпен толық қамтылу | Ақтөбе облысы
31.10.2024 |  53
362078 - 367315