"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Ақтөбе вокзалының ақпараттық жүйелер электрмеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) Дыбыс күшейткіш байланыс жүйесін, қызмет көрсететін вокзалдың анықтама бюросындағы терминал жабдығын, бейне бақылау жүйесінің сервер бөлмесін күтіп ұстау мен қолдану мәселелерін кешенді шешуді қамтамасыз ету;2) Жабдыққа, материалға, қосалқы бөлшектерге, құралға сұранымдар құру, жөндеу жұмыстарына техникалық құжаттама, ақаулық актілерін, жұымысы бойынша есептеме құру;
3) Вокзал басшылығының жазбаша рұқсаты немесе арнайы рұқсатнамасы бар, аумақта жылдамдық түзімін сақтап жүретін қызметтік автокөліктен, соның ішінде медициналық жедел жәрдем автокөлігінен басқа автокөліктің перронға кірмеуін бақылауды жүзеге асыру, автокөлікті және пойыздан түскен жолаушыларды өткізу үшін қақпаны уақытылы ашу және жабу, арнайы рұқсатнама бойынша қызметтік автокөліктің, соның ішінде жедел жәрдем автокөлігінің перронға өтуі үшін өзі еріп жүруді қамтамасыз ету;
4) Кезекшілікті/жұмыс ауысымын уақытында қабылдау және тапсыру, журналдарда тиісті жазбаның жазылуын қамтамасыз ету және нұсқамалық чатта вокзал басшылығына кезекшілікті/жұмыс ауысымын қабылдау/тапсыру туралы есепті уақытылы беріп отыру және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта техникалық (немесе белгіленген бағдарлама бойынша арнайы даярлық)
- Мамандығы: темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс;
- Жұмыс тәжірибесі: электр жөндеуші лауазымында 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж