«ҚТЖ» ҰҚ» АҚ «Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Жаңаарқа сигнал беру және байланыс дистанциясының 2 тобының сымды байланыс құрылғыларына қызмет көрсету жөніндегі учаске (байланыс) бастығы

355961 - 371025
Жанааркинская дистанция сигнализации и связи Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
44

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Теориялық және іс жүзінде қызмет көрсетілетін құрылғылар мен жұмыс жүргізу ережелірін білу,сондай-ақ құрылғылардың параметрлерін өлшей және реттей білу,монтаждау және жөндеу жұмыстарында дағдыларға ие болу;
  • Технологиялық процестің жоспар-кестесін және сенімділікті арттыру жоспарларын,поездық,маневрлік радиобайланыс және парктік дыбыс және байланыс құрылғыларының алдын алу жоспарын әзірлеу; ай сайын радиоцех үшін жедел жұмыс жоспарларын жасау; құрылғылардың дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ете отырып,бағыныштылардың жзұмысын жүйелі түрде тексеру;
  • Радиобайланыс құрылғыларына,ПСГО-ға қызмет көрсету бойынша техникалық құжаттаманың болуы;
  • 6 айда бір реттен сиретпей барлық қызмет көрсетілетін радиобайланыс құрылғаларының техникалық мазмұн нормаларына сәйкестігін тексеру;электромеханиктер мен жлектромонтерлердің бекітілген техникалық қызмет көрсету жоспарлары-кестелеріне сәйкес жұмыстарды орындау қағидаларын сақтауы; радиобайланыстың электромеханиктері мен электромонтерлеріне анықталған кемшіліктерді көрсете отырып,есепке алу құжаттамасы мен жазбаларын жүргізудің дұрыстығы.Тексеру нәтижелерін ШУ-2 журналына жазыңыз.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары / орта техникалық
  • Мамандығы: теміржол көлігіндегі Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс, теміржол көлігіндегі Радиобайланыс және радиохабар тарату / Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі Радиотехника, электроника және телекоммуникация; Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс
  • Жұмыс тәжірибесі: дабыл және байланыс дистанциясының аға электромеханигі лауазымында кемінде 1 жыл / дабыл және байланыс дистанциясының электромеханигі лауазымында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж