«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қостанай магистральдық желі бөлімшесі» филиалының (НЖС-2) технологиялық процесті және сервисті ұйымдастыру секторының жетекші инженері

от 360720
Костанайское отделение магистральной сети Қостанай облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
49

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жарамды нормативті актілермен белгіленген ережелерге, тәртіпке, нормаларға, жолаушы пойызының қозғалыс кестесіне сәйкес Филиалдың басқаратын учаскелеріндегі теміржол вокзалдарындағы вокзал шаруашылығын дамыту жұмысын басқару;
  • Станционарлық сауда орнына жалға беру, сондай-ақ вокзалдың негізгі қызметіне зақым келтірмей, жалға алушылардың жеке киосктарын орнатуға вокзал алаңының бөлшегін жалға беру жұмысын ұйымдастыруды үйлестіру мен бақылау
  • Қостанай 1 класс вокзалының коммерциялық жайын/алаңын мүліктік жалға беру жөніндегі объектік Конкурсын өткізуге техникалық сипаттамасын, объектінің орналасу жобасын дайындалу жұмысын бақылау  
  • Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсететін филиал вокзалдарында анықтамалық-ақпараттық материалдардың болуын және өз уақытында жаңартылуын бақылау
  • вокзал жұмысының технологиялық үрдісі мен оған енгізілген өзгертулерді өз уақытында орындау;
  • Өз уақытында жауап беруге, вокзалдарда анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуге байланысты Филиал қызметкерлерінің қызмет көрсетуде мекемеден шағым, жолаушылардың өтініші мен шағымын өз уақытында қарау;
  • Жолаушыларға қызмет көрсету этикасын, формалық киім киюін, өз лауазымдық міндеттерін тиісті орындамау сияқты жолаушылардың билеттік касса құқығы, вокзал қызметкерлерінің бұзу дерегі туралы есеп жүргізу мен бақылау;  

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғарғы (немесе жоокейін)
  • Саладағы мамандығы: Құрылыс (Жол және жол шаруашылығы, темір жол құрылысы; Көпірлер мен көлік тоннельдері); Көлік, көлік техникасы мен технология; Сәулет; Инженерлік жүйе; Отын энергетикасы; Автоматика, телемеханика және байланыс; Автоматизация және басқару; Электрмен жабдықтау; Электроэнергетика; Қозғалыс және көлікті пайдалану, тасымалдауды ұйымдастыру
  • Жұмыс тәжірибесі: теміржол көлігі саласында кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы