«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Сары-Шаған электрмен жабдықтау дистанциясының Өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері

280331 - 350414
Сары-Шаганская дистанция электроснабжения Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
551

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Байланыс желісі, ӘЖ автоблокировка және энергетика құрылғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарының кестесін әзірлеу;
  • жыл сайын желтоқсан айында электрмен жабдықтау құрылғыларының сенімділігін арттыру жоспарын жасау
  • жабдыққа, қосалқы бөлшектерге, бөлшектерге, материалдарға, құрал-саймандарға жылдық өтінімдерді жасауға қатысу, күрделі жөндеу бойынша құрылыс және монтаждау жұмыстарының өндірісін жүйелі қадағалау, күрделі құрылыс бойынша жұмыстарды орындауға актілер жасау; 
  • к/желі аудандарына жұмыс кестесін құруда, қызмет көрсетудің жаңа технологиясын енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде, еңбек өнімділігін, құрылғылардың сенімділігін арттыратын іс-шараларды іске асыруда практикалық көмек көрсету;
  • байланыс желісі аудандары жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі ережелерді әзірлеуге қатысу, байланыс желісі мен электр беру желілері жыл ішінде құрылғылардың жұмысын бұзу, жергілікті нұсқаулықтарды жасау;
  • темір жол өткелдеріндегі электрмен жабдықтау құрылғыларының жұмыс сенімділігі мен техникалық жарақтандырылуын бақылау;
  • нормалар бойынша белгіленген есептілікті жүргізу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Электр энергетикасы; көлікті пайдалану (темір жол көлігі) (түрлері бойынша)
  • Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, не 1-санатты инженер лауазымында кемінде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)