"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Павлодар түйіспелік желі ауданның автомотрисав машинисі

214731 - 225831
Павлодарская дистанция электроснабжения Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
391

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Қауіпсіздік және радиобайланыс құрылғыларының, автомотриса тораптары мен агрегаттарының жұмысын белгіленген тәртіппен бақылау, олардың, оның ішінде өртке қарсы жай-күйін тексеру.
    2. ШЧ-24 КРП «КЛУБ-УП» қауіпсіздік жүйесімен жабдықталған АӨЖҚ-да тіркеу кассеталарының шифрін ажыратып-ашу кестесін орындау.
    3. ШЧ-24 КРП сынау шлейфтерінде «КЛУБ-П» (УП) аппаратурасын тексеру кестесін орындау.
    4. Электр және гидравликалық жабдықтар қозғалтқышын, тежегіш жүйесін, қоректендіру және майлау жүйелерін, сигналдық аспаптарды, автомотрисаның жүріс бөліктерін және оның көтергіш жабдығын түзу жай-күйде ұстау.
    5. Лауазымдық міндеттерін орындау кезінде өзімен бірге: автомотрисаны басқару құқығы туралы куәлігі, машинистің маршруттық парағы мен формуляры, техникалық формуляры, ескерту талоны, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы туралы ЭУ-43 куәлігі, кран қондырғысын басқару құқығы туралы куәлігі, өзгерістері бар поездар қозғалысының кестесі, қызмет көрсетілетін телімдегі поездар қозғалысының белгіленген жылдамдықтары бойынша станциялардың ТӨА үзінді көшірмелері, АӨЖҚ жұмыстарын есепке алу және кезеңдік техникалық қарап-тексеру журналы, ТУ-152 нысанды техникалық жай-күй журналы, тежегіштерді сынау орындарының үзінді көшірмесі, АӨЖҚ кезекті бақылау - техникалық қарап-тексеру актісі болуы тиіс.                                                                                                                                                                                                                           6.Тіркеме вагондары бар дрезина шыққан кезде І бағанға жазба жаза отырып, ВУ-45 анықтамасын ресімдеу.
    7. Энергодиспетчерге автомотрисаның шығу күні, уақыты, нөмірі, машинистің және ілесіп жүретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, вагон нөмірі, тежегіш күші, жол берілетін қозғалыс жылдамдығы, жол жүру бағыты туралы ақпаратты беру.
    8. Спидометрлердің, манометрлердің түзулігін бақылау. АӨЖҚ қозғалтқыштың жұмысы мен жүрісін бақылау.
    9. Энергодиспетчерге автомотрисаның шығу күні, уақыты, нөмірі, машинистің және ілесіп жүретін тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, вагон нөмірі, тежегіш күші, жол берілетін қозғалыс жылдамдығы, жол жүру бағыты туралы ақпаратты беру.                                                                            10.Автомотрисаның ақаулығы анықталған кезде оны тез жоюға барлық қажетті шараларды қолдану, ал белгіленген уақыт нормативінде жою мүмкін болмағанда -поездардың қозғалыс кестесінің бұзылуына жол бермей, аралықты босату.
    11. Нормативтік құжаттарға және жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету кестесіне сәйкес автомотрисаға техникалық қызмет көрсету, АӨЖҚ-ны қарап-тексеру және жөндеу жүргізу.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру