Корпоративтік қауіпсіздік жөніндегі жетекші маманы

Филиал "Управление магистральных газопроводов "Алматы" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
11

Қаралған саны:
1045

   Конкурс туралы
  • Міндеттері:

    • Қоғам Филиалының экономикалық, ақпараттық және физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, Филиалдың жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс шеңберінде іс-шараларды орындау;
    • Филиалдың тұрақты дамуы үшін нақты және ықтимал қауіптерді анықтау және бағалау бойынша іс-шаралар өткізу;
    • Филиалдың ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және жұмыстарды ұйымдастыру;
    • Филиал объектілерінің азаматтық қорғанысы мен терроризмге қарсы қорғалуының арнайы жоспарларын әзірлеу және іске асыру;
    • Орталық аппараттың корпоративтік қауіпсіздік және азаматтық қорғаныс қызметінің басшысы мен Филиал директорын қауіпсіздіктің жай-күйі мен қауіптері туралы сенімді және жедел хабардар етуді қамтамасыз ету, қауіпсіздік жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу, ол қабылдаған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
    • Корпоративтік қауіпсіздікті, азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету мәселелері бойынша Филиал қызметкерлеріне консультациялар ұйымдастыру және өткізу;
    • Филиал аумағында өз қызметін жүзеге асыратын күзет қызметі субъектілерінің жұмысына бақылауды жүзеге асыру, Филиалдың күзетілетін объектілерінде ұрлық және басқа да қылмыс фактілерін алдын алу және анықтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
    • Құзыреттері мен өз өкілеттіктері шеңберінде құқық қорғау органдарының, прокуратура органдарының, сот жүйесінің, ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарының аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау.

    Талаптар:

    • Жоғары кәсіби (заңды, экономикалық немесе арнайы);
    • Жалпы жұмыс өтілі 10 жылдан кем емес.
    • Кәсіптік салада - құқық қорғау/ арнаулы органдар немесе құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын өзге де бөлімшелер жүйесінде  5 жылдан кем емес