«KMG Drilling & Services» ЖШС Әзірбайжан Республикасындағы филиалының ӨЖБҚ техникалық қызмет көрсету жөніндегі жетекші инженері
KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.Лауазымдық міндеттері:
- ӨЖБҚ жабдығына техникалық қызмет көрсету;
- ӨЖБҚ жабдығын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;
- жабдықтар мен материалдар сапасының стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкестігін тексеру және бақылау;
- құрылыс және операциялық процестің барлық сатыларында пайдаланылатын жабдықтар мен материалдарды бақылау;
- дәнекерлеу, лак-бояу, оқшаулау, электр, механикалық, сәулет, монтаждау, іске қосу-баптау және қалпына келтіру жұмыстарының орындалуын, сондай-ақ жабдықтың жұмыс жағдайларын бақылау және қабылдау;
- іске қосу-теңшеу жұмыстарының сапасын бақылау және қабылдау;
- монтаждау, дәнекерлеу және сынақ жұмыстарын жобалау мен технологиясына қатысты ұсыныстар мен өзгерістерге қорытындыларды қарау және ұсыну;
- бұзбайтын бақылау есептерін дайындаудың ағымдағы бақылауы. ӨЖБҚ жабдығына техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету. АМОС жабдығына техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу жүйесін (ТҚЖЖ) жүргізуді бақылау және қамтамасыз ету;
- техникалық ерекшеліктерді әзірлеуге және келісуге қатысу;
- генераторларға жүктемемен тестілеуді тексеру және қабылдау;
- Филиал директоры болмаған кезеңде бұйрық негізінде оның міндеттерін орындайды;
- өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйдегі қызметкерлерді жұмысқа жібермеуі мүмкін жағдайлар туралы жұмысты тоқтата тұру және жоғары тұрған басшылыққа баяндау;
Жетекші инженер лауазымына жоғары кәсіби (техникалық) білімі және бұрғылау және кәсіпшілік кәсіпорындарында кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі бар адам қабылданады.
Тілдерді білуі
|
· мемлекеттік тіл; · орыс тілі; · ағылшын тілі. |
Заңнамалық және нормативтік актілерді білу |
· Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» заңын білу; · Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңын білу; · еңбек заңнамасының негіздері; · Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негіздерін білу; · өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу. |
Мыналарды білуі тиіс |
· мұнай-газ жобаларын жоспарлау, басқару, желілік жоспарлау, тәуекелдерді талдау негіздері; · ұңғымаларды салуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік, әдістемелік және басқа да материалдар; · кәсіпорынның ұйымдық-технологиялық құрылымының мамандануы мен ерекшеліктері, оның даму перспективалары; · бұрғылау жұмыстарын жоспарлау әдістері; · еңбек заңнамасының негіздері; · еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары; · ҚР-да танылған халықаралық теңіз ұйымдарының талаптары. |
Кәсіби сертификаттау |
Операциялық кезең: · теңізде өмір сүру курстары – BOSIET) - операциялық кезеңде; · күкіртсутегі курстары (H2S). |
Операцияаралық кезең: · ұңғыманы басқару сертификаты IWCF (Well Control) – Супервайзер; · кәсіпорындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік; · еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; · өрт-техникалық минимум. |
|
Техникалық білімі |
· Жеке компьютерде жұмыс істеу дағдылары (Microsoft Office). |
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Озат)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)