"Теміржолсу-Кзыл-Орда" ЖШС Сулутобе ст. су айдау машинсті
ТОО "Теміржолсу-Кзыл-Орда" Қызылорда облысыҚұрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
-еңбек және орындау тәртібін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін және жұмыс тәртібін сақтау;
-жұмыс орнында өндірістік санитарлық және өрт қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және қауіпсіздік талаптарын сақтау;
-сорғыш – күш беретін жабдықтар, ішкі жану қозғалтқыштары және сорғыш стансаларының басқа да жабдықтарынақызмет көрсету; сорғыш стансасындағы құбырлар жүйесіне ауыстыру, сорғыштар және қозғалтқыштарды тоқтату, жұмыс тәртібін реттеу, іске қосу;
-бақылау - өлшеу құралдарын бақылау;
-сорғыш станса жабдықтарының ағымды жұмыстары;
-хлораторлы қондырғылардың жұмыстарын бақылау, суды хлорлау үшін реагенттер дайындау, қалдық хлорға талдау жүргізу;
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
Мамандығы: Су ресурстары және суды пайдалану; Технологиялық машиналар мен жабдықтар; Сумен жабдықтау және сарқынды су жүйелеріне арналған тазарту құрылыстары;
Жұмыс тәжірибесі: тәжірибе қажет емес
Қосымша талаптар:
-сорғыш станса жұмыстары туралы техникалық есептеме жүргізу;
-станса сумен жабдықтау құрылғылар жағдайын дұрыс күйде ұстау және қызмет көрсету: арматурамен қысымды–таратқыш суқұбыр желілері, су тарататын кран және құрылыстар;
-ергіздегі су деңгейін, жағдайы және гидротехникалық құрылыстар жұмыстарын бақылау;
-санитарлық аймақты тиісті жағдайда ұстау;
-сумен жабдықтау нысандарына бөгде адамдарды кіргізбеу;
-станса сумен жабдықтау құрылғыларының қысқы жұмысқа дайындығы;
-тұтынушыларды сумен талап еткен мөлшерде және тиісті сапада үздіксіз қамтамасыз ету;
-жұмысқа рұқсатты алу жеке медициналық кітапшасы бойынша, медициналық тексерісті міндетті түрде өту.
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру