Лауазымдық жауапкершілік:
• Бөлімнің міндеттеріне сәйкес қолданыстағы техникалық шарттар мен стандарттарға сәйкестігін анықтау үшін шикізатты, жартылай фабрикаттарды, материалдар мен дайын өнімді зертханалық талдауларды, сынақтарды және басқа да зерттеу түрлерін жүргізуге және жүргізуге басшылық ету;
• Өндірістің неғұрлым үнемді және тиімді әдістерін іздестіру, сондай-ақ өндірісті зертханалық бақылау бойынша эксперименттік және зерттеу жұмыстарын орындау;
• Жүргізілген талдаулар, сынақтар мен зерттеулер бойынша қажетті есептеулер жүргізу, алынған нәтижелерді талдау және жүйелеу;
• Игеру кезеңінде технологиялық процестерді әзірлеуге және оларды зерттеуге, өндірісте пайдаланылатын шикізатқа, жартылай фабрикаттарға, материалдарға стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеуге және енгізуге, сондай-ақ оларды жұмсаудың прогрессивті нормаларын белгілеуге қатысу;
• Зертханалық жабдықтың дұрыс пайдаланылуын және мемлекеттік тексеру мен калибрлеудің қолданылу мерзімін бақылау.
• Қабылданған талдау әдістерінің қатаң орындалуын қамтамасыз ету.
• Талдау зертханасының химреактивтермен және басқа материалдармен қамтамасыз етілуін бақылау.
• Өндіріске енгізер алдында талдаудың жаңа әдістерін сынамалауды және олардың біліктілігін бағалауды жүргізу.
• Еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік, өрт және радиациялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, жұмыстарды орындау үшін жұмыс ортасын тиісті тәртіпте ұстау;
• Зертхана жұмыскерлерінің құқықтарға сәйкес күрделі жабдыққа қол жеткізуін қадағалау;
• Зертханашылардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, еңбектің алдыңғы қатарлы тәсілдерін енгізу бойынша олардың шығармашылық бастамаларын дамыту.
• Зертханашыларды зертханада бар әдістемелер бойынша химиялық талдаулардың ағымдағы және жаңа әдістерін орындауға үйрету.
• Сынақ зертханасының құзыреттілігіне қойылатын ҚР СТ ISO/IEC 17025-2019 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар стандарт талаптарын орындау, оның ішінде мынадай міндеттер мен құзыреттерді іске асыру:
• сапа саласындағы Сынақ зертханасының саясатын іске асыру;
• сынақ нәтижелерінің дұрыстығын қамтамасыз ету;
• құпиялық сақтауға және құжаттарды көшіру және тарату бойынша рұқсат етілмеген іс-әрекеттерді жүргізбеуге;
• Компанияның іскерлік этика саласындағы саясатының (PP-LEG-01) ережелеріне сәйкес өз мінез-құлқыңызды бейтарап ұстау және барлық бағынысты жұмыскерлердің осы саясаттың талаптарын сақтауын қамтамасыз ету үшін барлық ақылға қонымды қажетті шараларды қабылдау;
• ҚР СТ ISO/IEC 17025-2018 Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарға сәйкес сапа менеджменті жүйесінің процедуралары бойынша қызмет жүргізу;
• сапа менеджменті жүйесінен немесе зертханалық қызмет процедураларынан ауытқуларды анықтаған кезде, осындай ауытқуларды жою үшін барлық ақылға қонымды және белгіленген әрекеттерді орындау;
• басшылықпен сынақ зертханасы жұмысының сапа менеджменті жүйесі жұмысының нәтижелерін және оны жетілдіру аспектілерін талқылау;
• үлгілермен (сынамалармен) жұмыс істеу жүйесін қолдау;
• сынақ хаттамаларын жасау;
• мұрағаттың жүргізілуін бақылау;
• егер қоршаған орта жағдайлары өлшеу нәтижелеріне әсер етуі мүмкін болса, сынақтар жүргізуді тоқтата тұру талабымен бөлім басшылығына жүгіну.
• Дайын өнім мен су нысандарына масс-спектрометрия, атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдістерімен және физика-химиялық әдістермен сынақ жүргізу;
• Жұмыскерлердің теориялық білімдерін, олардың біліктері мен дағдыларын дамытуға қатысу;
• Қауіпті заттарды, прекурсорларды, химиялық реактивтерді, зертханалық ыдыстар мен қосалқы материалдарды сақтауды ұйымдастыру жіне шығысын есепке алуды жүргізу;
• Талап етілетін дәлдікпен сынақтарды орындау үшін қажетті жабдықтарды сатып алу туралы бөлім басшылығына ұсыныстар енгізу;
• Ядролық материалдарды есепке алу және бақылау бөлігінде технологиялық үдерістің әртүрлі өнімдеріндегі уранның құрамы туралы дұрыс нәтижелер алу үшін тиісті сапада талдауды орындауды ұйымдастыру, талдау үшін сынамаларды бөгде зертханаларға жіберуді және сынамалар қалдықтарын қайтаруды ұйымдастыру;
• Қажет болған жағдайда, ҚР-ң қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерін, жұмыс беруші актілерінің талаптарын сақтай отырып, қажетті құжаттарды рәсімдеу, қойылған міндеттерді және мердігер ұйымдардың жұмыстарды орындауына бақылауды жүзеге асыру үшін ТЖҚ сатып алу мақсатында өзге ұйымдармен шарт құруды бастамалау;
• Қажет болған жағдайда, тұрақты немесе уақытша негізде әрекет ететін комиссияға қатысу;
• Бағынушыларын жұмыс беруші актілері және Компанияның басқа да құжатарымен уақтылы таныстыру;
• Бөлімше жұмыскерлері арасында міндеттерді дұрыс үлестіру, бағынушылардың лауазымдық нұсқаулықтарын дайындау (бағынушылары болған жағдайда);
• Компания басшылығының тапсырмасымен, немесе өз бастамасы бойынша орындалып жатқан жұмысына қатысты құжаттарды, жұмыс беруші актілерін дайындау;
• Бөлімше штатын білікті жұмыскерлерімен жасақтау (бағынушылары болған жағдайда);
• Бағынушылары қызметіне және бағынушыларының өз лауазымдық міндеттерін тиісінше орындауына басшылық және бақылау жасау (бағынушылары болған жағдайда);
• Жұмыс уақытын есепке алу табелі, жұмыс кестелері, демалыс кестелері, вахта кестелері және т.б. (қажет болған жағдайда) секілді бөлімше жұмыскерлерін басқару бойынша алғашқы құжаттаманы жасау, әзірлеу, жүргізу;
• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;
• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;
• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс).
• Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда);
• PRG-LEG-02 "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі нұсқаулық" талаптары мен ережелерін сақтау;
• REG-LEG-05 "Мінез-құлық және іскерлік этика кодексінің»талаптары мен ережелерін сақтау;
• RM-02 « «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекел-тәбетін және негізгі тәуекелдеріне төзімділігін анықтау және мониторинг жасау», RM-01 «Инкай»БК»ЖШС-ң негізгі тәуекел көрсеткіштерін анықтау және оларға мониторинг жасау» нұсқаулықтарының, REG-RM-01 «Тәуекелдерді сәйкестендіру, бағалау және «Инкай» БК» ЖШС тәуекелдерін басқару әдістерін айқындау қағидалары» және PP-RM-01 «Инкай» БК» ЖШС-ң тәуекелдерді басқару саясаттарының» ережелерінің талаптарын сақтау (егер жұмыскер тәуекел иесі болса);
• Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау үдерістерін, шешімдерді қабылдау үдерісі және Компанияның басқарушылық есептілігін Компанияның тиісті бизнес-үдерістеріне біріктіру бойынша жұмымтардың орындалуын қамстамасыз ету;
• Тәуекелдер деңгейін немесе олардың жүзеге асу салдарларын төмендету мақсатында бизнес-үдерістерді оңтайландыру;
• Компанияның Бас директорына және/немесе комплаенс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау;
• Комплаенс жөніндегі офицеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету мәселелері бойынша (кіріс хат-хабар алмасуды қоса алғанда), және болған жағдайда қызметтік тексеру туралы ақпарат пен осындай тексерулердің нәтижелерін ұсыну.Білім:
• Техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім ("химия", "физика", "химиялық технология", "фармация" мамандықтары немесе басқа да жоғары техникалық білім)Дағдылар:
• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері;
• Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар;
• Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
• Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері;
• Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;
• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;
• Құрамында уран бар ерітінділерді табиғи уранның химиялық концентратына дейін қайта өңдеу технологиясының негіздері;
• Жалпы, аналитикалық, физикалық химия, химиялық кинетика негіздері, аналитикалық химияға қатысты ықтималдық теориясы және қателер теориясы, анықтамалық және ғылыми-техникалық әдебиеттермен жұмыс істеу әдістері;
• Химиялық, физика-химиялық, спектрлік, спектрофотометриялық, рентген-флуоресценттік, атомдық-абсорбциялық әдіс және индуктивті-байланысқан плазмасы бар масс-спектрометрия теориясын қоса алғанда, элементтік талдаудың қазіргі заманғы әдістерінің теориялық негіздері;
• Зертханада қолданылатын аспаптардың номенклатурасы, құрылысы және баптау ережесі;
• Химиялық талдауда қолданылатын реактивтерге қойылатын техникалық талаптар;
• Өлшемдерді орындаудың қолданыстағы әдістемелері, техникалық шарттар, мемлекеттік, салалық стандарттар;
• Нормативтік-техникалық құжаттаманы және материалдарды есепке алу және сақтау қағидалары; зертхананың өндірістік қызметіне қатысты қаулылар, бұйрықтар, ережелер, нұсқаулықтар және басқа да басшылық материалдар;
• Зертханалық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу әдістері;
• Өндірістік құжаттаманы жасау ережелері;
• ІЅО 9001: 2015 сапа менеджменті жүйесінің талаптары және МЕМСТ ИСО/МЭК 17025-2019 сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарҚосымша:
• Тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары. Спектральды талдаудың зертханалық құрылғыларына арналған арнайы бағдарламаларда жұмыс тәжірибесі.
• Кәсіби сертификаттаудың болуы-мүмкіндігінше.Білетін тілдер:
Орыс тілін білу – (ауызша және жазбаша) – еркін; • Ағылшын тілін білу – бастапқы деңгей