Маркетинг және брендті дамыту жөніндегі менеджер

"Эйр Астана" АҚ Алматы қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
230

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕР:

  • Брендті дамыту стратегиясын құру және оны жүзеге асыру жоспарын әзірлеу;
  • Бизнес мақсаттарына сәйкес маркетингтік жоспарды әзірлеу және оны орындау;
  • Маркетинг және бренд бөлімі бюджетінің жасалуын және орындалуын бақылау;
  • Нарықта маркетингтік зерттеулер жүргізу. Бәсекелестердің белсенділігін талдау, нарықтық үрдістерді зерттеу, клиенттік тәжірибені жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
  • Компанияның ішкі клиенттеріне маркетингтік және жарнамалық қолдау көрсету;
  • Сыртқы серіктестермен, сауда палаталарымен, спорт клубтарымен, мемлекеттік және коммерциялық ұйымдармен демеушілік және бартерлік ынтымақтастықтарды ұйымдастыру;
  • Жарнамалық және креативті агенттіктермен, сувенирлік және промо өнімдерін жеткізушілермен, мердігер мамандармен, ивент агенттіктерімен және т.б. өзара әрекеттесу;
  • Келісімшарттар мен төлемдер бойынша әкімшілік жұмысты қамтамасыз ету. Маркетингтік қызмет бойынша есептік құжаттаманы жүргізу;
  • Маркетинг және бренд бөлімінің жұмысын ұйымдастыру. Бизнес-процестерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу. Қойылған мақсаттарға (KPI) қол жеткізу жоспарын әзірлеу;
  • Маркетинг және бренд бөлімі жұмыскерлерінің дамуы мен өсуіне жағдай жасау, жоғары деңгейдегі ынта, кәсібилік және тиімділікті қамтамасыз ету.

ТАЛАПТАР:

  • Маркетинг/жарнама/экономика/PR және коммуникация саласындағы жоғары білім;
  • MBA дипломы артықшылық береді;
  • 5 жылдан астам ұқсас лауазымдағы жұмыс тәжірибесі;
  • 3тен көп ұжымды басқару тәжірибесі;
  • Мәліметтерді талдау, маркетинг қызметінің тиімділігін есептеу дағдылары;
  • Көп тапсырманы бір арада орындау мүмкіндігі;
  • Ағылшын, орыс және қазақ тілдерін жақсы меңгеру;
  • Уақытты тиімді басқару;
  • Шығармашылық пен аналитикалық ойлау, белсенділік, нәтижеге бағдарлану, жүйелілік, жобаны басқару дағдылары;
  • Күшті көшбасшылық, коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер;
  • Amadeus жаһандық брондау жүйесін білу және пайдалану артықшылық береді.