"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС- "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы бас бухгалтерінің орынбасары

от 559029
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
336

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • салық комитеттеріндегі дербес шоттардың деректерін бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыруды, пайда болған берешекті талдауды және өсімпұлды есептеуді жүзеге асырады. Дербес шоттардың жай-күйін бақылау
  • жер салығы көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы, қоршаған ортаға эмиссия үшін аударымдарды бақылауды жүзеге асырады. ЭСФ жүйесіндегі шорттарды қарау
  • декларацияларды толтыра отырып, жер салығы, көлік құралдарына салынатын салық, мүлік салығы, қоршаған отраға эмиссия бойынша салық, бойынша есептерді жасайды, қаржылық есептілік нысандарымен байланыстырады
  • өзара есеп айырысулардың уақтылы жабылуын, "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС -мен және оның филиалдарымен, сондай-ақ компанияның еншілес ұйымдарымен деректерді салыстыруды, сондай-ақ олардың бухгалтерлік есеп жүйесінде көрсетілуін бақылайды
  • филиал бойынша салықтар бөлігінде МВП мөлшерінде жалақын қаржыландыруға жиынтық қалыптастырады
  • бөлім қызметкерлері арасында міндеттерді бөлуге қатысады, уақытылы орындалуын бақылайды, жұмысқа тікелей қатысты біржолғы тапсырмалар береді, лауазымдық нұсқаулықта көзделмеген бухгалтерия қызметкерлеріне
  • жоғары тұрған ұйымдардың телеграфтық нұсқаулары бойынша тапсырмалардың уақтылы орындалуына жауапты, қызметтік хат алмасуды жүргізеді
  • тауар-материалдық қорларды негізгі құралдарды салыстырып тексеруге қатысады. Филиалдың бухгалтерлік балансының барлық баптары бойынша салыстырып тексеру жүргізу тексеру нәтижелерін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жиынтық баланс бөліміне ұсынады
  • жергілікті салықтар бойынша салық есептілігінің нысандарын тапсырады

Біліктілік талаптары:

  • Бөлімі: жоғары (немесе жоғары кейінгі)
  • Мамандығы: есеп және аудит, экономика, қаржы
  • Жұмыс тәжірибесі: қаржы немесе экономикалық салада 5 жыл, басшылық лауазымда: жақсырақ 1 жылдан бастап

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр