"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақтөбе бөлімшесі" (НОД-11) филиалы Ақтөбе пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-2) ,бухгалтерия бөлімінің 1 санатты бухгалтері

304812 - 319367
ТЧЭ-2 АКТЮБИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 группы Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
256

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
SAP ER3 жүйесінде бөлімнің бастапқы құжаттарын өңдейді және түгендеу (жанар-жағармай, құм) жүргізеді.
Тауарлы-материалдық құндылықтарды, жанар-жағармай материалдарын алуға сенімхаттар мен өтінімдерді ресімдейді;
Баланс деректерінің SAP PBW жүйесіндегі «Материалдар» бөлімінің деректеріне сәйкестігіне «Материалдар» аналитикалық есеп шоттарын ай сайын салыстыру.
Материалдық жауапты тұлғалардан алынған материалдық есептер бойынша SAP құжаттар жүйесіне ақпаратты қабылдау, өңдеу және енгізу
Материалдық жеткізушілерден, басқа филиалдар мен филиал ішіндегі құрылымдық бөлімшелерден алынған құжаттардың SAP жүйесіне ақпаратты енгізу;
Бухгалтерлік есеп саласы бойынша баланстық шоттарды салыстырады – жанар-жағармайдың есебі. Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын басшылыққа ала отырып, отын шығындарының шот бойынша дұрыс бөлінуін қадағалайды.
СНТ растау және БЭЖФ-ға беру үшін жанар-жағармайды қабылдау және жою жөніндегі құжаттарды уақтылы беруді қамтамасыз етеді.
Пайда орталығы және жалпы филиал бойынша ПЗО-1 жанар-жағар майдың қозғалысы туралы есеп құрастырады және тапсырады.
Жанар-жағармай материалдары бойынша ФО-12 есеп беру нысанының сәйкестігін ай сайын бақылайды және ВФО-21, 24, 26, 12 есеп беру нысандарын дайындау үшін өз учаскесі бойынша шығыс баптарын салыстырады.
Түгендеуге қатысу, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды және материалдарды түгендеу және салыстыру ведомостарын жасау;
Есепте тұрған материалдық жауапты қызметкерлер;
Тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдау және есептен шығару жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары
Мамандығы: Есеп және аудит, Экономика; Басқару; Қаржы
Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы