Шарттарды құқықтық сараптау басқармасының бас заң кеңесшісі

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
17

Қаралған саны:
298

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1)тендерлік өтінімдерді қарау, бағалау және салыстыру шеңберінде Шарттарды құқықтық сараптау басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) келісілуге табыс етілетін  «ҚазТрансОйл» АҚ-пен  (бұдан әрі –  Қоғам) тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алу материалдарын, сондай-ақ тендерлердің қорытындыларын шығаруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келу мәніне  заңдық (құқықтық) сараптау  (бұдан әрі – сараптау);    

2) Басқармаға келісілуге табыс етілетін сатып алу және шарттық жұмыстар мәселелері бойынша шарттардың жобаларын, сондай-ақ Қоғамның ішкі құжаттарын сараптау; 

 3) сатып алу және шарттық жұмыстар мәселелері бойынша  Қоғамның құқықтық сипаттағы  шығыс құжаттарын сараптау;

 4) Қазақстан Республикасының тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетуді сатып алумен және шарттар жасасумен байланысты заңнамаларының ережелерін түсіндіру арқылы Қоғам жұмыскерлеріне құқықтық көмек  көрсету;

5) сатып алу және шарттық жұмыстар мәселелері бойынша  Қоғам атынан талап арыздар даярлау, сондай-ақ Қоғамға қойылған талап арыздарға пікірлер даярлау;     

6) сатып алу және шарттық жұмыстар мәселелері бойынша   сотта, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда, ұйымдарда Қоғамның мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін белгіленген тәртіппен ұсыну және қорғау;   

7) оған басшымен және Басқарманың тікелей басшысымен, сондай-ақ ішкі құжаттармен жүктелген өзге міндеттерді жүзеге асыру.

 

Талаптар:

  • Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (заң) білімі.
  •  кемінде 4 жыл.   

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр