Инженерлік жүйелері мен ғимараттарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі инженері

"Эйр Астана" АҚ Астана қ.
Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
21

Қаралған саны:
526

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕР:

  • Қолданыстағы жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардағы түрлі жөндеу жұмыстарының келешек және ағымдағы жоспарларын (кестесін) әзірлеу, интерьер дизайны және жөндеу жұмыстары инженерімен біріге отырып, шаруалық шығындар есебін жасау
  • Бекітілген жоспарға (кестеге) сәйкес мердігерлік ұйымдарының жұмысты орындауын қадағалау.
  • Тозудың жоғарылау себепетрін, апаттар және жабдықтардың тұрып қалу себептерін сараптау және пайда болу себептерін анықтау шараларына қатысуы, өндірістік жарақаттардың туындау себебін анықтап, оларды болдырмау шараларын жүргізу
  • Қосалқы бөлшектер, қызметтер, жұмыстар және жабдықтарды сатып алу мақсатында өтінімдер және техникалық сипаттамаларды жасау
  • Ғимарат пен құрылыстардың  инженерлік жабдықтар, басқа да негізгі қорлардың есебін жұргізу және паспорттау, қажетті техникалқ қолдану төл-құжаттарын жасау.
  • Техникалық бақылау жүргізуші ұйымдарымен келісу.
  • Құрылыс және реконструкция нысандары бойынша жоба құжаттарын жасап шығаруға қатысу№
  • Шығындар бойынша  әр жылға жоспарланатын бюджетті жоспарлау және жасау.
  • Оңды пайдаланудың, ғимараттардағы инженерлік байланыстарының, энергетикалық және ілеспе жабдықтарының тоқтаусыз жұмыс істеуін ұйымдастыру
  • Жұмысты жүргізудегі, жұмысқа жарамды инженерлік жүйелерді сақтаудағы шығындарды оптимизациялау (үнемдеу) жөнінде жаңа және тиімді тәсіледерді енгізудегі ұсыныстар
  • Барлық жабдықтардың, қосалқы бөлшектердің есебін және бақылауын жүргізіп отыру

ТАЛАПТАР:

  • Жоғары техникалық білім (бақылау-өлшеу құрылғылар мен аппараттар инженері)
  • Кеңселік қосымшаларда жұмыс атқара білу (Office, Oracle ERP)
  • Инженерлік жүйелерді, жоспарлы-ескерту жөндеу жұмыстары мен рационалды жабдықтар жүйесін жетік білу
  • Жөндеу жұмыстарына смета жасау тәртібін және жабдықтарға, материалдарға, қосалқы бөлшектерге, аспаптарға т.б. сұраныстар жасау тәртіптерін білу
  • Кемінде 4-ші топтық электр қауіпсіздігі рұқсатының болуы
  • Қазақ тілі – еркін, Орыс тілі – еркін
  • Мамандық бойынша +/-3 жылдық тәжірибе
  • Жақсы ұйымдастырушылық қабілеттер.
  • Анализ жасау және шешім табу дағдылары.
  • Мақсаттылық, зейінділік, стресске беріктілік, коммуникабельділік, тиянақтылық, топта жұмыс істей білу қабілеті