4-5 РАЗРЯДТЫ ЭЛЕКТР ЖАБДЫҚТАРЫНА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ЭЛЕКТРОМОНТЕР

ПетроҚазақстан Ойл Продактс Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
453

   Конкурс туралы

Білуге тиіс:

  • Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа да нормативтік құқықтық актілерін;
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағидалары мен нормаларын.
  • ТПҚ, ҚТҚ, ЭҚҚ және өрт қауіпсіздігі қағидаларын айналысатын лауазымы көлемінде.
  • Электротехника негіздерін.
  • Қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының мақсатын және құрылғысын.
  • Қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының аумақты орналасуын.
  • Қызмет көрсетілетін учаскенің толық электрлік сұлбасын.
  • Қызмет көрсетілетін электр жабдықтарының екінші коммутацияларының сұлбаларын.
  • Сымдардың (кабельдердің) төсемдерінің мақсатын, маркаларын және әдістерін.
  • Бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың және керек-жарақтардың мақсатын және пайдалану қағидаларын.
  • Слесарь жұмыстарының негізгі амалдары мен тәсілдерін. 

Қажетті дағдылар:
  • Теориялық білімдерді білу және тәжірибеде қолдана алу.
  • Апаттық жағдайлар туындаған кезде немесе ағымдағы мәселелерді шешу кезінде сауатты және үйлесімді әрекет ете алу.
  • Адамды электр тогының әсер етуінен босату амалдарын меңгеру және жазатайым оқиғалар кезінде зардап шегушіге дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

Жеке қасиеттері:
  • Жауапкершілік;
  • Белсенді және бастамашы;
  • Командада жұмыс істей алуы.