"ҚТЖ-Қостанай Жүк тасымалы бөлімшесі"ЖШС филиалы Тобыл станциясы бастығының орынбасары (Карталы МГСП бойынша орналасқан)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қарталы-Елімай МГСП бойынша жүк цехының жұмысын дұрыс ұйымдастыруға басшылықты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді Ресей темір жолдарымен түйісу кеңестеріне қатысады Ресей темір жолының іргелес құрылымдық кәсіпорындарымен, жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен ҚТЖ-дан, Ресей темір жолдарынан жүктерді тасымалдауды үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
- Ашық жылжымалы құрамда жүктерді тиеу мен бекітудің және габаритті емес жүкті тиеудің техникалық шарттары талаптарының орындалуын белгіленген талаптарға сәйкес тексеруді жүзеге асырады (он күн сайын) темір жолдан және ҚТЖ-дан келетін МГСП-ға ЖТСМ (шетелдік көлік құралдарын) уақытша әкелу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады, уақытша әкелу мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз етеді
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, темір жол көлігіндегі көліктік логистика Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл, оның ішінде бюро меңгерушісі (жүк пен багажды іздестіру бойынша), кеңсе (тауар) бастығы, жүк ауданының бастығы лауазымдарында кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру