"ҚТЖ- Жүк тасымалы» ЖШС - "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Кокшетау класстыс станциясының орталықтадыру станциясының кезекшісі

от 250406
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
187

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • кезекшілікке келе отырып, ауысымға арналған жұмыс жоспарымен, жолдардағы жағдаймен, келіп түскен жеделхаттармен танысу үшін және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқама алу үшін планерлік кеңестерге қатысады
  • іргелес аралықтардың еркіндігіне немесе жұмыспен қамтылуына басқару аспаптарының СЦБ  және байланыс құрылғыларының жарамдылығына, тізімдемеге сәйкес оларда пломбалардың болуына көз жеткізеді
  • парк бойынша кезекшігің (бұдан әрі ДСПП) ауысымын қабылдаған РСДВ, поездар құрастырушысының баяндамасы бойынша бекіту нормаларымен салыстыру арқылы станциядағы құрамдардың вагондар топтарының тежегіш башмактармен бекітілуін шығу пульт-таблосындағы тежегіш башмактар санының магниттік көрсеткіштерінің нақты болуын және тежегіш башмактар мен бекітуге арналған құрылғылардың нөмірлік есепке алу журналында көрсетілген тежегіш башмактарының санын тексереді ДУ-67 нысанындағы вагондардың 
  • тоқтайтын станцияға поездарды қабылдау оларды бүйірлік жолдармен, вариантты маршруттармен өткізу кезінде, сондай-ақ кіреберісте, тыйым салатын көрсеткіші бар маршруттық светофорларда поездар кідірген барлық жағдайларда, поездар бірінші блок-учаскеде жақындаған кезде СДП нұсқауы бойынша поездар машинистерін радиобайланыс арқылы шақырады және поезды қабылдау, жөнелту тәртібі туралы ақпаратты береді немесе өткізу тәртібін өзгерту
  • станцияның көрсеткілері мен сигналдарын басқарады
  • ДСП нұсқауы бойынша жолаушылар, жүк поездары мен маневрлік қозғалыстарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындайды. ДСП  нұсқауы бойынша маневрлік қозғалыстар үшін маршруттар дайындау
  • маршруттарды дұрыс дайындауға жеке жауапты

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары немесе орта (кәсіби және техникалық)
Мамандығы: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: жоғары бойынша: парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл, орта бойынша: парк бойынша кезекші, станция бойынша кезекші жанындағы оператор, сұрыптау төбесі бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 5 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)