«ҚТЖ» ҰК» АҚ- «Алматы магистральдық желі бөлімшесі» филиалының Үштөбе дабыл және байланыс дистанциясының (ШЧ - 32) еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі жетекші инженері (НЖС-7)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау құралдарын, жеке қорғану құралдарын дұрыс пайдалануын, айлабұйымдарды, машиналарды, механизмдерді, электрден қорғау және сақтандыру құралдарын сынау мерзімдерінің сақталуын, жұмыс істейтіндерді арнайы киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа да ЖҚҚ қамтамасыз етуін, жұмыс істейтіндерді арнайы сабынмен қамтамасыз етуді бақылау;
- жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу, олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу, жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендердің есебін жүргізу, өндірістік жарақаттанудың себептерін талдау;
- кіріспе нұсқама бағдарламасын әзірлеу, өндірістік оқытуға немесе практикаға келген жаңадан қабылданған қызметкерлерге, іссапарға жіберілгендерге, оқушылар мен студенттерге кіріспе нұсқама жүргізу;
- жұмыскерлерді қауіпсіз жұмыс әдістеріне оқытудың уақтылығы мен сапасын, жауапты тұлғалардың нұсқамалар жүргізуін, нұсқамаларды тіркеу журналдарының дұрыс жүргізілуін, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық құжаттаманың тиісінше жүргізілуін бақылау.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Автоматтандыру және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Теміржол көлігіндегі Автоматика, телемеханика және байланыс, Радиобайланыс және радиохабар тарату, ақпараттық технология, Есептеу техникасы, Көп арналы электр байланысы; байланыс желілері және коммуникация жүйелері;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы