«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Бас есептеу орталығы» тасымалдауды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесі бөлімінің 1 санатты инженер-технологы.
- Құрылған күні:
- 09.10.2024
- Берілген өтінім:
- 11
- Қаралған саны:
- 399
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Сынақ және өнеркәсіптік базаларда АСОП жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
- Шешім нәтижелерінің толықтығы мен дұрыстығына, АСОП жүйесін пайдаланушыларға шығыс нысандарын беруге талдау жүргізеді
- АСОП жүйесінің міндеттерін енгізу, сүйемелдеу, пайдалану бойынша жұмыстарды орындайды
- Енгізілетін міндеттер бойынша тест полигонында жөндеу жұмыстарын жүргізеді
- Өнеркәсіптік жүйеге міндеттерді енгізуге қатысады (жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін
- Желі, басқару аппараты қызметкерлеріне консультациялар жүргізеді
- Нормативтік-анықтамалық ақпаратқа өзгерістер енгізеді
- Анықталған қателерді жою үшін жедел шаралар қабылдайды
- Ауысым қызметкерлеріне, жүйені пайдаланушыларға нұсқаулар дайындайды
- Бөлім және ауысым қызметкерлері үшін техникалық сабақтар өткізеді
- Бөлімде іс қағаздарын жүргізеді: бөлім бойынша құжаттамамен жұмыс істейді (қызметкерлердің тізімдерін, демалыс кестелерін, бөлімнің жұмыс жоспарларын, техникалық сабақтардың жоспарларын, бөлімнің жұмысы туралы есептерді және т. б. жасайды)
- Жоюға және мұрағатқа тапсыруға құжаттарды дайындайды, талаптарды дайындайды және тауарларды қоймадан алады
- Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша бастапқы, жоспарлы, жоспардан тыс нұсқаулықтар жүргізу журналдарын жүргізеді, есептер дайындайды
- Бөлімде негізгі құралдарды жүргізеді: Бөлімде негізгі құралдарды түгендеуді, бөлімнің пайдалануында негізгі құралдарды, төмен құнды және тез тозатын заттарды қабылдауды, есептен шығаруды жүргізеді; Бухгалтерия үшін актілер жасайды
- Сапа саласындағы саясатқа сәйкес сапа менеджменті жүйесін (бұдан әрі СМЖ) әзірлеуге, енгізуге және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қатысады
- Талдамалық анықтамалардың әзірленуін сүйемелдейді
- Кестеге сәйкес тәулік бойы кезекшілікті орындайды
- Бөлімнің жұмыс жоспарларының орындалуын бақылайды
- Басшылықтың тапсырмаларын орындайды
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары
- Саладағы мамандық: Автоматтандыру және басқару", "Көлік, көлік техникасы және технологиялары", "Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)", "Ақпараттық жүйелер", "Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету", "Экономика", "математикалық және компьютерлік модельдеу", "Стандарттау, метрология және сертификаттау", "Ақпаратты өңдеу және басқарудың компьютерлік жүйелері
- Жұмыс тәжірибесі: 2 санатты инженер-технолог лауазымында кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр