"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Қарағанды бөлімшесі" (НОД-4) филиалының Қарағанды пайдалану локомотив депосын (ТЧЭ-14) бақылау бөлімінің 1 санатты инженер-технологы

306810 - 325044
ТЧЭ-14 Карагандинское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
509

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қарағанды ТҚПл ТҚ-2 техникалық қызмет көрсету орындалу сапасын бақылауды жүзеге асыру;
  • ТҚ-2 циклын сапасыз орындау жағдайы бойынша шұғыл талқылау жүргізуге материалдарды әзірлеу (актілер, түсініктемелер, хаттама, бұйрық);
  • Локомотив паркін қысқы және жазғы тасымалдауға әзірлеуге қатысу;
  • ВЛ80С сериялы электровоздарды жоспардан тыс жөндеуге енгізу жағдайларын тергеу;
  • Электровоздарды жоспардан тыс жөндеу бойынша шұғыл талқылауға материалдарды (байқау актілері, қатыстылардың түсініктемелері, ТУ-152, ТУ-28 көшірмелері және паспорттары, жүріс және материалдық залалдар бойынша анықтамаларды) әзірлеу;
  • талқылау хаттамаларын әзірлеу;
  • Локомотивтерді ТҚ-2 техникалық қызмет көрсетуден байқауды ұйымдастыру және ТҚПл цехын тексеру.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейін)
  • Саладағы мамандығы: Транспорт, транспорттық техника и технология (локомотив и локомотив шаруашылығы),
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 3 жылдан кем емес

Қосымша талаптар:

  • Еңбек күн тәртібін, мінез-құлық және іскерлік этика Кодексін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Қағиданы сақтау

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)