"ҚТЖ - Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалы Нур-Султан станциясының жүргізуші
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- автокөліктің дұрыс пайдаланулын автокөліктің таза және тәртәпте ұсталуын бақылайды, желідегі автобустың жай-күйіне технркалық қадағалауды жүзеге асырады, ақаулардың себептерін анықтайды және жою шараларын қабылдайды
- автокөліктің техникалық жай-күйін күнделікті тексеру, анықталған ақауларды өз күшімен немесе мамандандырылған автосервистердің көмегімен уақтылы жою автокөлікті жөндеу шеберханаларына беруді ұйымдастырады және орындалған жұмыстарды бақылай отырып, оны пайдалануға қабылдайды
- GPS сеніп тапсырылған мүліктің дұрыс пайдаланылуын сақталуын және өлшеу құралдарын тексеруге дайындауды қамтамасыз етеді
- ҚР жол қозғалысы ережелерін сақтай отырып автомобильдерді тиісінше басқаруды және техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді
- белгіленген есептеу әдістемесіне сәйкес автокөлікке арналған жағармай материалдарынан отын шығысының нормаларын септейді және оны белгіленген мерзімде береді жоғары тұрған сатылардағы жанар-жағармай материалдарының шығысы бойынша тоқсандық және жылдық есептерді ұсынады, ЖЖм үнемдеу бойынша жұмыс жүргізеді
Біліктілік талаптары:
Білімі: ОртаМамандығы; көлік. көлік техникасы және технологиясы. техникалық қызмет көрсету, жол машиналары мен жабдақтары, машина жасау. технологиялық машиналар мен жабдықтар. тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру көлікті пайдалану темір жол көлігі
Жұмыс тәжірибесі: өтілге ұсынбай. көліктің осы түрі үшін тиісті санаттағы жүргізуші күәлігінің болуы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Колледж
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Озат)