«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС – «Қызылорда филиалы МКҚК» филиалының Сексеуіл пайдалану локомотив депосының өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология секторының меңгерушісі

409191 - 429803
ТЧЭ-36 Сексеулское эксплуатационное локомотивное депо 3 группы Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
36

Қаралған саны:
794

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Кәсіптік ауырулардың және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайын жақсарту жөніндегі  іс-шаралар мен кешенді жоспарлау;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау  және Еңбектің қауіпсіз  әдісі жөніндегі нұсқаулықтар, сектор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары, тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды дайындайды;
  • ӨБ саласындағы заңнамалық талаптарды сақтау жөніндегі нормативтік құжаттар, бұйрықтардың, хаттамалардың және өзге де ұйымдық өндірістік қауіпсіздік жөніндегі өкімдік құжаттамаларын әзірлейді;
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі әдістемелік жұмыстарды жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі және  еңбекті қорғау техникасын бұзу жағдайларын есепке алады, оларды жою жөніндегі іс-шараларды жасайды;
  • Өндірістік жарақаттануды талдау және өндірістегі жазатайым оқиғалардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды
  • Жоспарын ұйымдастыруға және орындауға, оны қажетті оқу және көрнекі құралдарымен, техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыруға, ӨБ мәселелерін насихаттауға және қоршаған ортаны қорғауға бақылауды жузеге асырады;
  • Еңбекті қорғау жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік актілерді сақтау, қызметкерлерге еңбек жағдайлары бойынша белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылар беру;
  • Іс-шараны және уәкілдердің нұсқамаларын орындау арқылы еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік органдардың бұзушылықтарды жою;
  • Қауіптілігі жоғары жабдықтар мен объектілерді пайдалану барысында техникалық құжаттаманы, өрт қауіпсіздігі жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
  • Тиісті инстанцияларға  белгіленген нысандар бойынша ӨБ мәселелері бойынша есептілік жасайды және ұсынады;
  • Анықталған сәйкессіздіктертуралы басшылықты уақытылы хабардар етеді ҚБ саласындағы заңнамалық талаптарға сәйкес
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары және (вуздан кеінгі)і
  • Саладағы мамандық: Көлік, көлік техникасы және технологиясы (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрам); тасымалдауды ұйымдастыру, көлікті игеру және пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және  телекомуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергтикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау;Қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау.
  • Еңбек өтілі: 3 жыл, оның ішіндегі еңбекті қорғау жөніндегі лауазымында кемінде 2 жыл;

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр