Екібастұз-1 ст. ("А,Б" паркі) техникалық қызмет көрсету пунктінің вагондар мен контейнерлерді жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
ТҚҰ-ның орындалған жұмыс кестесінде жазумен поездарды орталықтандырылған қоршау процесін жүргізу. Поездардың орталықтандырылған қоршауы жарамсыз болған жағдайда ауысымның арнайы тағайындалған қызметкерінің құрамды (поезды) қоршауға, қоршауды алып тастауға команда беруі. Станция бойынша кезекшіден ауысымға, жақын кезеңге және әрбір поезд бойынша (қабылдау жолы және жөнелту уақыты, оларға техникалық қызмет көрсету кезектілігі) жұмыс жоспары туралы ақпарат алу, Вагондарды тексерушілерден поезд түсуге қарсы тұрған кезде анықталған вагондардың ақаулары туралы ақпаратты қабылдау. ТҚҰ ауысымының орындалған жұмыс кестесін, кепілді учаскелер мен станцияларда техникалық ақаулы вагондардың ағытылуын есепке алуды, ф. анықтамаларын есепке алу журналын жүргізу. ВУ-45, ауысымдағы жұмысы туралы есептік баянат жасау.Біліктілік талаптары:
Білім - белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы даярлық. еңбек өтіліне талап қойылмайдыҚажетті білім дәрежесі
- Орташа білім
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)