"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының поезды басқару орталығының локомотив диспетчері (ТНЦ)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) бөлімше кезекшісімен (ДЦУЗ), пойыз диспетчерімен, негізгі депо мен айналым пункті бойынша кезекшімен, локомотивке техникалық қызмет көрсету пункттерінің шеберлерімен бірлесіп ауысымдағы жұмыс жоспарына сәйкес локомотивтерді беруді қамтамасыз ету;
2) пойыздардың жүру кестесінде белгіленген айналым учаскелерінің шекараларында ғана локомотивтерді пайдалануды және олардың жоғары тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
3) пойыздар локомотив бригадаларының жұмыс түзімінің бұзылуына қауіп тудырып, кідірген кезде, бөлімше кезекшісімен (ДЦУЗ), пойыз диспетчерімен бірлесіп кідіру себептерін жоюға, пойыздардың учаскелерге жедел өтуіне қажет шараларды қабылдау;
4) пойыздардың жүру кестесінде белгіленген локомотивтердің станциялық жолдарда және негізгі деполар мен айналым пункттерінің тартымдық аймақтарында тұрып қалу нормаларының орындалуын жүзеге асыру, оларды қысқартуға қажет шараларды қабылдау және себептерін анықтау және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары білімінен кейінгі білім)/ орта (техникалық және кәсібі)
- Мамандығы: Локомотив және локомотив шаруашылығы
- Еңбек өтілі: білімі жоғары болған кезде: 4 жылдан кем емес, соның ішінде маневр диспетчері/локомотив бригадасының машинист-нұсқаушысы/локомотив депосы бойынша кезекші лауазымында 2 жылдан кем емес;
білімі орта (техникалық және кәсіби) болған кезде: 5 жылдан кем емес, маневр диспетчері/локомотив бригадасының машинист-нұсқаушысы/локомотив депосы бойынша кезекші лауазымында 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж