"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Қарағанды бөлімшесі" (НОД-4) филиалы Қарағанды пайдалану вагон депосының (ВЧД-13) жоспарлау-экономикалық бөлімі бастығының орынбасары

от 382421
ВЧД-13 КАРАГАНДИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
306

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Шығыс (жалдау) және кіріс (жалдау) шарттарын, сондай-ақ олардың негіздемелері мен есептерін ресімдеу үшін қажетті құжаттарды дайындайды;
  • бөгде, аффилиирленген, өзге де шығыстардың шығындар элементтері бойынша есеп;
  • шарттардың орындалуын жедел есепке алуды жүргізеді, шарттардың орындалуы туралы есептілікті жасайды;
  • жұмысты, атап айтқанда жүк вагондарын ағымдағы ағытпалы жөндеуге, үй-жайларды жалға алуға кірісті шарттар жасасуды жүзеге асырады. Келіседі, қол қояды және тапсырыс берушіге жібереді;
  • талап бойынша шығыстардың бюджетін жасайды (бөгде, үлестес, өзгелері);
  • бөлім бойынша іс жүргізуге жауап береді;
  • КРЕМ (Аффилиирленген, БАСҚАЛАРЫ) үшін шарттар мен РАҚ тізілімін жасайды және аффилиирленген бойынша тізілім жиынтығын жасайды;
  • қосалқы бөлшектерді жөндеу бойынша, доңғалақ жұбын жөндеу бойынша есеп, факторлық талдау, коммуналдық қызметтер бойынша есеп, түсіндірме жазбамен байланыс қызметтері бойынша есеп;
  • вагондарға ағымдағы ағытпалы жөндеу жүргізуге арналған жоспарлы калькуляцияны жасайды;
  • бөлім басшылығы мен бастығының жеке тапсырмаларын орындайды.

 Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Саладағы мамандық: экономика; қаржы; есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл.

Қосымша талаптар:

  • дербес компьютерде жұмыс істеуді білу, бағдарламалық қамтамасыз ету, Windows, Excel ортасында компьютерде жұмыс істей білу;

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)