«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Ақмола ЖТ бөлімшесі» филиалы техникалық бөлімінің жетекші инженері

от 360720
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
159

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал станцияларында жыл бойына техникалық тексерулер кестесін құрумен қамтамасыз етеді.
  • 3,4,5 разрядтағы станция жұмысшыларына арналған техникалық оқытудың жылдық жоспарын қамтамасыз етеді.
  • Станция басшыларының техникалық оқу жоспарымен  қамтамасыз етеді.
  • техникалық оқу есептерін дайындаумен   қамтамасыз етеді
  • Серіктестік жоспар негізінде филиал станциялары үшін рационализаторлық ұсыныстарды енгізу және инновацияларды енгізу жоспарын әзірлеуді қамтамасыз етеді
  • Филиалдың рационализаторлық қызметі бойынша,  техникалық жаңалықтарды енгізу мен таратуды  және  кейінен  дайындалған  жұмыс  есептерді бақылайды.
  • станцияларда, локомотив және вагон деполарында техникалық дайындықтың сапасын бақылайды.
  • Филиал станцияларына техникалық тексеруге және бақылау тексерулеріне қатысады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Мамандығы:; «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (темір жол көлігі);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде, жұмыс өтілі бойынша талап ететін лауазымдар: (1-санатты) инженері / пойыз диспетчері/станция кезекшісі/(технологиялық процессі  бойынша станцияның  ТЖА (техникалық – жарлық актісі) бойынша АБЖ станция инженері / сонымен қатар АБЖ (автоматтандырылған басқару жүйесі) бойынша станциялық технологиялық ақпарат құжаттарын өңдеу және пойыз тасымалдау туралы ТЖА станция орталығының бастығы қызметінде кемінде 1 жыл болуы шарт.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)